Басты мақсат – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Еліміздің тәуелсіздік алып, еңселі ел болғанына ширек ғасыр өтті. Елбасының арқасында осы аз ғана уақыт ішінде қыруар жұмыстар атқарылып, еліміз бүкіл әлемдік деңгейге көтерілді. Атқарылып жатқан жұмыстардың қатарында мемлекетіміздің күш-қуатын арттыруды мақсат еткен іс-шараларды ерекше атауға болады. Соның бірі — еліміздің ішкі тәртібін күшейту мақсатында қолға алынған сыбайлас жемқорлықты болдырмау шаралары. Бүкіл әлемдік тәжірибелерге сүйеніп, бұл жұмыс дереу қолға алынды және аз уақыттың ішінде өзінің нәтижесін көрсетуде
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселе әрқашан Елбасының назарында. Оның жарқын мысалы, биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауда сыбайлас жемқорлық мәселесіне тағы бір мәрте ден қойылып, бұл дертпен күрестің жалғасатындығы баса айтылды. Бұл елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, онымен күресу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға жаңа дем берді. Жасыратыны жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі, мұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт – еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.
Сыбайлас жемқорлықты әлемді әбігерге салған дерт десек болады. Жер шарындағы әр мемлекет жемқорлықты жою үшін аянбай қызмет етеді. Біздің Қазақстанда білек сыбана жемқорлықсыз қоғамды қалыптастырғысы келеді-ақ, алайда, қолдан келсе қоныштан басып қалатындар азаятын емес. Өйткені, кейбір адамдар парақорлықпен пәрменді күресуді азаматтық борышым деп санамайды. Егер дүйім жұртымыз бір ауыз сөзге тоқталып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұдырықтай жұмыла жұмыс жасаса жемқорлық одан әрмен ушықпас еді. Кез келген өркениетте қоғам үшін парақорлықпен күресу түйткілді мәселе. Олай болса, түйткілді мәселенің түйінін бірге тарқатайық.
Нұрланбек Оспанов,
Талаптан ауылдық округі
әкімі аппаратының жетекші маманы.