Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес

Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес


«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауда Мемлекет басшысы жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрестің жалғаса беретіндігін атап өткен. Осы бағытта, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қызылорда облысының Статистика департаментімен тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және бұзушылықтарды алдын алу шаралары жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында 2017 жылы департамент қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, әдептілік нормаларын және басқа да актілерді түсіндіру тақырыптарында 27 семинарлар мен дөңгелек үстелдер, 2018 жыл басынан – 7 семинарлар өткізілді. Сонымен қатар, ақпараттық-насихаттау мақсатында облыс көлеміндегі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шаралары, мемлекеттік органның қызметі жайлы басылымдар тұрақты негізде шығарылып тұрады. «Құқық бұзушылыққа «мүлдем» төзбеушілікті қалыптастыру» тақырыбында жадынама әзірленіп, онда сыбайлас жемқорлық ұғымын, сыбайлас жемқорлық көрінісінің фактілерін анықтаған жағдайда азаматтардың іс-қимылдарының тәртібін түсіндіру, департаменттің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу бойынша уәкілетті органның сенім телефоны көрсетілді. Жадынамалар респонденттерге таратылды. Одан басқа, жемқорлық фактілеріне жол бермеу мақсатында департамент бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жылына екі рет жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына қойылатын жалпы стандарттардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет туралы заңнама және әдептілік кодексі бұзушылықтарын алдын алу мақсатында департамент бойынша әдеп жөніндегі уәкіл өз тиісті функцияларын жүзеге асырады.
www.stat.gov.kz/kyzylorda интернет-порталында департаменттің бірінші басшыларының жеке қабылдау кестесі және қабылдау нәтижелері, сондай-ақ, «сенім телефоны» орналастырылған. Департамент ғимаратында сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берген жағдайдағы жауаптылықтар көрсетілген стендтер орналастырылған.
Респонденттерден статистикалық дерек­тер­ді қабылдау «бір терезе» қағидасы бойынша жүзеге асырылады және бұл салалық басқарма мамандарымен тікелей байланысты болдырмайды. «Е-Статистика» интеграцияланған ақпарат жүйесі аясында «Статистикалық есептерді онлайн режимде қабылдау» ақпараттық жүйесі өз қызметін атқарады.
Мемлекеттік статистика саласындағы заңнамаларының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру аясында 2017 жылы бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 497-бабына сәйкес 275 әкімшілік іс қаралып, 10065284 теңге сомасына айыппұл салынды, 2018 жылдың 23 мамырға дейінгі жағдайға 169 әкімшілік іс қаралып, 3934580 теңгеге айыппұл салынды. Осы ретте, 2018 жыл басынан әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістерінің бірі – ол заңды тұлғаларға және кәсіпкерлік субъектілеріне айыппұлдың жалпы сомасынан 50 пайызын жеті тәулік ішінде төлеу мүмкіндігі берілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті Қызылорда облысының
статистика департаменті.
11 шілде 2018 ж. 3 655 0