Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қызылорда облыстық филиалында семинар өтті

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қызылорда облыстық филиалында семинар өтті



ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Сәлімжан, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қызылорда облыстық филиал ұжымы, «Қызылордажолзертханасы» РММ, «СтройТоргБилдинг» ЖШС, «Қазжолжоба» ЖШС-нің өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді.
Семинарда бас маман А.Сәлімжан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегияның мақсаттары мен міндеттерін, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау шараларына тоқталып, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің зардаптарын түсіндіріп өтті. 
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл барлық мемлекеттік органдарда, басты міндеттердің бірі болып табылатыны және әрбір қызметкер сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністері үшін жазаны бұлтартпау туралы есте сақтауға борышты екені жөнінде айтылып өтілді.
Сондай-ақ, қоғамдық бақылау картасы жобасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұлттық баяндама туралы айтылып, қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
06 маусым 2018 ж. 2 075 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (9418)

09 шілде 2026 ж.

№50 (9417).

04 шілде 2026 ж.

№49 (9416)

30 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031