ҚР ОСК ТӨРАҒАСЫ НҰРЛАН ӘБДІРОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
2026 жылғы 18 қарашада Қазақстан РеспубликасыОрталық сайлау комиссиясының Төрағасы НұрланӘбдіров инспекциялық сапар аясында Қызылордаоблысында болып, 29 қарашаға тағайындалған мәслихатдепутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындықбарысымен танысты.Сапар барысында ОСК Төрағасы өңірбасшылығымен, жергілікті атқарушы және құқық қорғауоргандарының өкілдерімен, аумақтық және округтіксайлау комиссияларының мүшелерімен кездесулерөткізді. Сондай-ақ сайлау комиссиялары мүшелерініңкәсіби даярлығына және сайлау учаскелерінің дауысберу күніне дайындығына назар аударды.
Облыстық «Сайлау үйі» ғимаратында жергіліктіатқарушы және құқық қорғау органдарыбасшыларының, облыстық және қалалық аумақтықсайлау комиссиялары өкілдерінің қатысуымен алдағысайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндекеңес өтті.
Кеңесте сайлау науқанының негізгі кезеңдерінзаңнама талаптарына сәйкес өткізу, сайлаушылартізімдерін өзектендіру, сайлау учаскелерінматериалдық-техникалық тұрғыдан жабдықтау, азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыруына қажеттіжағдай жасау және мемлекеттік органдар мен сайлаукомиссиялары арасындағы өзара іс-қимылдықамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Нұрлан Әбдіров сайлау процесінің заңдылығы, ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етудің, барлық саяси партиялар мен кандидаттарға тең жағдайжасаудың, сондай-ақ сайлау комиссияларыныңқызметінде заңнама нормаларын бірізді қолданудыңмаңыздылығын атап өтті.
Дауыс беру күніне дайындық мәселелерін талқылаукезінде сайлау учаскелерін қажетті құрал-жабдықтарменқамтамасыз етуге, электр энергиясы мен байланысжелілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне, ғимараттардағықолайлы температуралық режимді сақтауға жәнемүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімді жағдайжасауға ерекше назар аударылды.
Инспекциялық сапардың маңызды бағыттарыныңбірі сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсібидаярлығын арттыру болды.
Қызылорда қаласындағы «Достық үйі» ғимаратындаокругтік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналғаноқыту семинары ұйымдастырылып, олардың сайлаузаңнамасы бойынша білім деңгейін бағалауғабағытталған тестілеу өткізілді.
Семинарға 94 комиссия мүшесі қатысты. Аумақтықсайлау комиссияларынан құралған лекторларпрактикалық жағдаяттарға басымдық беріп, сайлаурәсімдерін ұйымдастыру, комиссия мүшелерініңөкілеттіктері мен жауапкершілігі, сайлау заңнамасыныңталаптарын тәжірибеде қолдану және дауыс беру күнітуындауы мүмкін түрлі жағдайларда заңға сәйкесшешім қабылдау мәселелерін қамтыды.
ОСК Төрағасының қатысуымен аумақтық жәнеокругтік сайлау комиссияларының өкілдерімен кездесуөткізіліп, тестілеу нәтижелері талқыланды. Тестілеугеқатысқан округтік сайлау комиссия мүшелерінің білімдеңгейі жақсы деңгейде сараланды.
Сонымен қатар сайлау жүйесінің дамуына үлесқосқан бірқатар азаматқа Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік наградалары мен салалық марапаттар мен Құрмет грамотасы табысталды. Сондай-ақ, аумақтықсайлау комиссиясына ОСК тарапынан шығарылғанкітаптарды тарту етті.
Бұдан бөлек, Нұрлан Әбдіров облыстық жәнеқалалық аумақтық сайлау комиссияларыныңтөрағаларымен және мүшелерімен жұмыс кездесуінөткізді. Онда ағымдағы сайлау науқаныныңерекшеліктері, комиссиялардың дауыс беру күнінедайындығы, сайлау заңнамасын қолдану тәжірибесіжәне сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығынқамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сапар аясында ОСК Төрағасы Қызылордақаласындағы бірқатар сайлау учаскелерін аралап, олардың алдағы дауыс беруге дайындығын зерделеді.
Сайлау учаскелерін аралау барысында дауыс беругеарналған үй-жайлардың жай-күйі, комиссия мүшелерінің жұмыс жағдайлары, қажетті құрал-жабдықтардың болуы, ақпараттық материалдардыңорналастырылуы және сайлаушыларға, оның ішіндемүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасаумәселелері зерделенді.
Атап өту керек, Қызылорда облысында алдағымәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру жәнеөткізуге 9 аумақтық, 136 округтік және 386 учаскеліксайлау комиссиясы жұмылдырылған. Олардыңқұрамында жалпы 3 453 комиссия мүшесі қызметатқарады. Аймақта 501 994 сайлаушы дауыс беругеқұқылы.
Өңірде сайлау комиссиялары мүшелерініңбіліктілігін арттыру жұмыстары жүйелі түрдежүргізілуде. Осы мақсатта облыс орталығы мен аудандарда көшпелі оқыту семинарларыұйымдастырылып, комиссия мүшелерінің теориялықбілімдерін практикалық тұрғыдан бекітуге бағытталғанжағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар мен сайлаурәсімдерінің симуляциялары өткізілуде.
Сондай-ақ облыста сайлаушыларды ақпараттандыружәне олардың сайлау құқықтарын іске асыруынажәрдемдесу мақсатында цифрлық сервистерқолданылуда.
Атап айтқанда, азаматтардың өз сайлау учаскесінанықтауына арналған «Өзіңді сайлаушылар тізімінентексер» электрондық платформасы іске қосылған. Бүгінгі күнге дейін saylau.orda.gov.kz платформасыарқылы 70 мыңнан астам азамат өз сайлау учаскесітуралы ақпарат алған. Аталған сервис «Смарт Қызылорда» мобильді қосымшасында және Telegramжелісіндегі @sailau_kzoBot боты арқылы да қолжетімді.
Сонымен қатар сайлау учаскелерінің орналасқанжері, сайлаушылар тізімдерін нақтылау тәртібі жәнедауыс беру рәсімдері туралы ақпарат бұқаралық ақпаратқұралдары мен цифрлық платформалар арқылы тұрақтытүрде таратылуда.
Инспекциялық сапар қорытындысында сайлаунауқанының барлық кезеңдерін заңнама талаптарынасәйкес ұйымдастыру, сайлау комиссиялары мүшелерініңкәсіби даярлығын қамтамасыз ету, сайлау процесініңашықтығы мен жариялылығын сақтау жәнеазаматтардың еркін дауыс беруіне қажетті жағдай жасауміндеттеріне баса назар аударылды.
Қызылорда облысының аумақтық сайлаукомиссиясы







