Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлау аясындағы семинар-кеңес

Сайлау аясындағы семинар-кеңес

Өткен апта соңында Арман мәдениет үйінде «Сайлау процесінің және сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырудың әдістемелік негіздері» тақырыбында учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті.

Жиында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы «Учаскелік сайлау комисияларының электоратаралық және электораттық кезеңдегі жұмысын ұйымдастыру туралы» баяндама оқып, сайлау науқаны кезінде комиссия мүшелерінің жіберетін қателіктері мен міндеттері жайында сөз қозғады.
Одан соң комиссия мүшелері Ә.Ахметов сайлау комиссиялары мүшелерінің өкілеттігі және құқықтық мәртебесі жайлы айтса, С.Кенжесариев «Учаскелік сайлау комиссияларының орналасуы схемасы, сайлаушылар санын өзектендірудің маңызына тоқталды. Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу бойынша учаскелік сайлау комиссияларына арналған әдістемелік құралдың жобасы туралы» баяндама оқыған Т.Бөпежанов кейспен жұмыс істеудің үлгісін көрсетті.
Сондай-ақ сайлау комиссиясының хатшысы Г.Қалмырза қатысушылардың біліктілігін пысықтау мақсатында бірнеше сұрақтардан құралған жазбаша тест алды. Жиын соңында аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Н.Палымбет семинар-кеңесте айтылған мәселелер бойынша талқылап, комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ

21 қаңтар 2020 ж. 579 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930