Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » САЙЛАУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

САЙЛАУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР


Қазіргі күні елімізде Республика Президентін кезектен тыс сайлау науқанына дайындық қызу жүргізілуде.

«Қазақстан Республикасы Президентін сайлауды өткізуде сайлау комиссиясының сайлау үрдісінің құқықтық үрдісі мен ұйымдастыру жұмысы» орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырған оқыту семинары осы тақырыпқа арналды. Шара барысында сайлау күні учаскелік комиссиялардың әрекеті туралы, жалпы осы саяси науқанға өңірдің дайындығы жөнінде айтылды. Семинардың мақсаты да сайлауда комиссияның әр мүшесі заң аясында шешім қабылдауға дайын болуын үйрету болатын.
Бас-аяғы он сағаттық сабаққа уческелік сайлау комис­сия­ларының төрағалары мен хатшылары, аудандық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты. Семинар барысында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Молдабай Дулатов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова, филиал профессоры Ақзада Мадалиева, прокурор Ермек Килибаев, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Қожамжар Наурызбаев, сертификатталған тренер Талғат Бөпежановтар дәріс оқып, сайлау заңнамалары мен процестерін ұйымдастыру және сайлау науқандарын өткізу бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Жалпы жиын сайлау комиссиясының жұмысы, науқанды ұйымдастыру мен өткізу ерекшелігі, сайлау туралы заңнаманы бұзғаны үшін жүктелетін жауапкершілік, дауыс беру тәртібі мен қорытындысы төңірегіне бағытталды. Жиын соңына қарай пікір алмасуға да уақыт берілді. Қорытындысында сауалнама толтырылып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ.
25 мамыр 2019 ж. 1 431 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930