Жолдауды қолдау – ел болашағына деген сенім!
Мемлекет басшысының Жолдауы – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды құжат. Онда көтерілген бастамалар мен басым бағыттар халықтың әл-ауқатын арттыруға, білім мен ғылымды дамытуға, жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.Біз, білім саласының өкілдері, Жолдауда айтылған міндеттерді жүзеге асыруға өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Себебі сапалы білім, саналы ұрпақ және жауапты азаматтық ұстаным – жарқын болашақтың кепілі.
Үсенхан Ахметов







