Сапалы білім – заман талабы

Мемлекет басшысы білім сапасын арттыру, ұстаздардың жалақысын көтеру, ғылымды қаржыландыру мәселелері бойынша үкіметке нақты тапсырмалар берді. Өткен жылғы Президенттің халыққа жолдауындағы тапсырмалар нақты орындалып жатыр. Ал, биылғы Жолдауда көтерілген мәселелер барлық қазақстандықтарды, бірінші кезекте ұстаздар құрамын бей-жай қалдырмайды. Жолдауда еліміздің әл-ауқатын дамыту мен экономикасын жетілдіру жолындағы ұстанған басты басымдықтарының бірі – білім беру саласы және сапалы білімнің орны бөлек екендігі баса көрсетілді. Себебі, пандемия кезіндегі қашықтан оқыған оқушылардың деңгейі төмендеді. Мектепке барып дәстүрлі білім алған мен онлайн форматта алған білімнің арасы жер мен көктей екені анық көрінді.
Әйтсе де, білім саласында тиянақты, орнықты онлайн платфорасының қажеттілігі туды. Бұл қашықтан оқитын білім алушыларға жасалған үлкен мүмкіндік болар еді. Сондай-ақ, мың мектеп салынсын деп тапсырғаны педагог мамандарды қуантты.
Мұғалім мен оқушыны байланыстыратын білім көкжиегінің ордасы қашанда мектеп. Сондықтан білім жолында атқарылатын бағдарламалардың көп болуы оқушының бәсекелесіп оқуына сеп болады. Жарыса, тереңінен оқыған оқушы міндетті түрде сапалы білімге қол жеткізеді. Бұл ретте оқушыға толық жағдай жасалып, педагогтардың жалақысы артып отыр. Пандемияға байланысты барлық санитарлық талаптардың сақталуы да білім сапасының артуына жасалған жағдай деп білемін.
Меруерт Ералиева
№152 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
№152 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі