Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдауға қолдау

Жолдауға қолдау

№157 Б.Пәрімбетов атындағы қазақ орта мектебінде Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатын өсіру: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауымен таныстыру шарасы өтті.

Бәсекеге қабілетті ел даярлауда Елбасы бастамалары әрдайым көңілге қонымды. Оның бір көрінісі, «Назарбаев» зияткерлік мектебінің білім беру бағдарламасын барлық мемлекеттік мектептерге енгізуді ұсынуы. Осы арқылы еліміздің білім деңгейін бірнеше есеге арттыруға болатындығын да назарға салды. Себебі, сапалы білімнің алғашқы сабақтарын ең алдымен мектеп беретіндігі анық. Осы орайда, Елбасы Жолдауы жайлы №157 қазақ орта мектебінің директоры Гүлмира Ермаханова өзінің пікірін ортаға салды. «Жолдау тарихи құжат. Себебі, әрбір Жолдау – егемен елімізді одан әрі дамудың, биік табыстарға жеткізудің стратегиялық жолына жетелейді», – дейді.
Қазақстан егеменді ел атанғалы бері, жас ұрпаққа сапалы білім беруде оң бетбұрыстарға тоқталып, біршама нақты қадамдар жасады. Елбасы Жолдау­ында көрсетілген жан-жақты бастамаларды қоғамның әрбір мүшесі, әсіресе, білімді ұрпақ тәрбиелеуде педагогика саласының мамандары зор үлес қосатындығы анық. Жолдаумен таныстырған мектеп тәлімгері Перизат Ержігітова Елбасының мұғалімдердің жұмысын нақтылауы еліміздің өркендеуіне зор үлес қосатындығына тоқталды. Жолдауда Елбасы қоғамның әр саласына арнайы міндеттер жүктеді. Бұл дегеніміз Қазақстан дамушы мемлекет ретінде алдыңғы қатарлы елдердің бірі екендігін көрсетеді. Мектеп ұстаздары Елбасының кезекті Жолдауы тек мектепке ғана емес, барлық саланың дамуына үлкен қарқын береді деген сенім білдіруде.

«Өскен өңір» ақпарат.

20 қазан 2018 ж. 1 123 0