Адами капитал – жаңғыру негізі
«Білім беру мазмұнын жаңарту – оқушының білім сапасын арттыру мен шығармашылыққа баулудың тиімді жолы» тақырыбында 2018 жылдың 6 наурыз күні Шиелі ауданы, Ақмая ауылы №49 орта мектебінде аудандық семинар өтті. Бұл шараның мақсаты –жаңартылған бағдарлама бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету, педагогикалық тәжірибесін жетілдіру және кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Семинарға Шиелі аудандық білім бөлімінің әдіскері Д.Сейдахметовтың жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған шараға Шиелі ауданына қарасты мектептерден 36-ға жуық мұғалімдер қатысты. Аталмыш шара №49 орта мектебінің 1-4 сыныптар аралығындағы оқушылардың қолдарынан жасалған «Өнерлі қол – бақытқа жол» атты көрмені тамашалаудан басталды. Сонымен қатар, жан-жақтан келген ұстаздар А.Баубекова, Ж.Сүлеймен, Қ.Ахметова, Э.Бердібекова, А.Жаликова, П.Кеңесбаева сынды бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, тәжірибе алмасты.
Елбасы Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында білім берудің сапасын арттыру және білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды тапсырған болатын. Осы тапсырма аясында ұйымдастырылған семинарда мектеп психологтары З.Абдирасилова, Б.Маханова тренинг ұйымдастырса, үйірме жетекшілері А.Жақыпова мен Р.Рүстемова шараны концерттік бағдарламамен жалғастырды. Кеш соңында №49 орта мектептің бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары К.Палмұхамедова семинарға қатысқан барша ұстаздар қауымына алғыс білдіріп, шараны қорытындылады