Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңартылған білім мазмұны – жаңашылдыққа бастайды

Жаңартылған білім мазмұны – жаңашылдыққа бастайды



Жаңартылған білім беру мазмұны – жас ұрпақтың сапалы білім алуына апарар басты қадамдардың бірі. Елбасымыз Н.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» дегенінің өзі – үлкен көрегендіктің белгісі. Осы мақсатта аудандық білім бөлімінің жаңа басшысының ізгі қадамдары ауданымызда оң қырынан танылуда.
Аудандық білім бөліміне қарас­ты барлық әдіскерлердің Елбасы жолдауы мен рухани жаңғыру бағытында үздіксіз ұйымдастырылып жатқан түрлі сайыс­тары мұғалімдер арасында да елеулі қозғалыс пен қызығушылық оята алды деуге болады. Осындай игі шаралардың бірі – жуық арада аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері Қ.Сәрсенбаева мен «Өрлеу» республикалық ғылым және білім порталының қолдауымен жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды модельдеу, қадағалау және тәжірибені бағамдау мақсатында ауданымызда үш күн бойы «Үздік педагогикалық тәжірибе» атты ықшам сабақтар керуені өткізілді. Аталмыш шараның ерекшелігі – аудан бойынша жауһардай жарқыраған білікті мамандардың тәжірибесін насихаттай отырып, өзге мұғалімдерге әдістемелік көмек ұйымдастыруында.
Іс-шара нәтижесінде №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жоғары санатты, І (ілгері ) деңгейлі педагог Ұлбазар Қожабекова ең үздік деп танылып, «Шығармашыл ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.

«Өскен өңір» ақпарат.
26 ақпан 2018 ж. 1 984 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930