Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау ұстаздардың мәртебесін өсірді

Жолдау ұстаздардың мәртебесін өсірді

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында алдымызда жүзеге асыратын он негізгі міндетті жүктеді. Жолдауда айтылған әрбір бағыттың берері көп. Тек соны тиімді жүзеге асыруға күш салуымыз қажет.
Жолдаудың жетінші міндеті «Адами капитал-Жаңғыру жолы» деп аталып, білім беру жүйесінің сапалық тұрғыдан дамуына мән берді. Елбасы мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін арттыратын категориялардың жаңа кестесін ендіруді және жаңартылған мазмұнға көшкен ұстаздардың жалақысын 30 пайыздан – 50 пайызға дейін көбейтуді тапсырды. Мұның өзі мұғалімдердің мәртебесін өсіруге бағытталған жаңа қадамдар.
Жаңартылған мазмұн дегеніміз халық­аралық стандарттарға сай сауаттылық деңгейімен сыни ойлау қабілеті, цифрлық білім беру ресурстарын дамытатын заманауи оқу бағдарламалары. 2012 жылы он екі жылдық орта білім беру жүйесіне толықтай көшіп, 2019 жылдан бастап жоғары сыныптарда жаратылыстану бағытындағы пәндер ағылшын тілінде оқытылады.
Қазақстандықтардың болашағы – қа­зақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде. Біздің түлектеріміз елімізде және жаһандық дәуірде өмір сүріп, қызмет істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеру керектігін, сонда ғана нағыз азаматтық қоғам құрылатынына баса назар аударды.
Елбасымыздың білім саласына айрықша көңіл бөлуі ел болашағы балаларымызға сапалы тәрбие беріп, заманға лайық тілдерді меңгертіп, парасатты ұрпақ тәрбиелеу ұстаздар үшін үлкен міндет.

Мөлдір Серікқызы,
№47 М.В.Ломоносов атындағы
мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі.
23 қаңтар 2018 ж. 1 255 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031