Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Адами капитал – жаңғыру негізі

Адами капитал – жаңғыру негізі


Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндет­тердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу. Оны мемлекет басшысы жыл басында жариялаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында да атап көрсеткен. Білім берудің жаңа сапасын сөз етіп, оның тиімділігін саралайды. Бұл бағытта №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінде педагогтардың 45 пайызы жаңартылған білім жүйесі бойынша біліктіліктерін жетілдіріп келді. Сондай-ақ, цифрлық білім беру бойынша мұғалімдердің 70 пайызы критериалды бағалау жүйесін меңгеріп, сонымен жұмыс жасауда.
Ел болашағы білімді жастар екені даусыз. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақтатып, елімізді көкке көтереді. Сондықтан, адами капитал сапасын арттыру мақсатында мектеп кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, физика кабинеті толық жабдықтармен қамтылса, ағымдағы жылы химия кабинеті техникамен толығатын болады. Биология, химия пәндерін жоғары сынып оқушыларына ағылшын тілінде өткізуді де қолға алып жатырмыз.
Жаңа заманға сай білімі мен біліктілігін арттырған ұрпақ «Ақылды қалаларда» «ақылды ұлт» болып өмір сүретіні анық. Оны Елбасы Н.Назарбаевтың технология­лық және инфрақұрылымдық тұрғыдан дамуға сілтеген 10 мүмкіндігінен аңғаруға болады. Міне, болашағымыз бағдарланған, бағытымыз айқын елге айналдық. Енді қадамымызды нық басып, алдымызда тұрған 10 міндетті жүйелі түрде жүзеге асыруға шақырамын.
Қыдырбек Ақмолдаев,
№47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп директорының
бейінді жұмыстары жөніндегі орынбасары.
22 қаңтар 2018 ж. 2 222 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930