Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа заманға сай бейімделу керекпіз

Жаңа заманға сай бейімделу керекпіз

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына Шиелі аудандық мәслихат хатшысы Б.Сыздықтың пікірі:
Биылғы Жолдау 4-ші өндірістік революция жағдайында елді дамыту мәселесіне бағытталып отыр.
«Адамзат өндірістік революция кезеңіне қадам басты. Жаңа технологиялар әлемді күнде  өзгертіп жатыр. Қазақстан осы мүмкіндікті пайдаланып, дамыған 30 елдің қатарына кіру үрдісін тездетуі тиіс»,- деді Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде.
Жолдауда Президент жүзеге асыруы тиіс 10 негізгі бағытты айқындаған. Бірінші кезекте Елбасы: Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы керектігіне тоқталған. Заманауи технологияларды құрылыс саласында да пайдалану аса маңызды. Бұл халықтың баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Президент мәлімдемесінде қаржы секторын қайта жаңарту қажеттілігі де айтылды. Бұл қадам еліміздегі банк секторын жандандырады.
Елбасы адами капиталдың сапасын арттыру қажеттілігінің жоғары екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, квалификациясына байланысты мұғалімдердің жалақысын 30-50 пайызға дейін көтеріп, халықтың сапалы білім алуына қол жеткізу, оларға сапалы медициналық қызмет көрсетілуі үшін барлық жағдай жасалу керектігі айтылған.
Жолдаудың негізгі басымдықтары - тиімді мемлекеттік басқару,  заңның үстемдігін арттыру және жемқорлықпен күресті барынша күшейтуге бағытталған. Біз осы көрсетілген бағыттар бойынша бірлесе отырып, тиянақты іс жасасақ оныншы мақсатқа яғни «Ақылды қалалар» қатарына еніп, «ақылды ұлт» атануымызға жол ашылмақ. Ал, осы аталған үдеден шығу үшін ІТ-технология, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына толыққанды еніп, «Смарт Сити» «эталонды» стандартына қалыптасуымыз тиіс екенін Мемлекет басшысы кезекті жолдауында «тайға таңба басқандай» нақты түрде жеткізіп берді. Сондықтан, жаңа заманға сай өнеркәсіптік революция дәуірінде жетістікке жету жолдарын бірге қарастырғанымыз жөн.
                  

11 қаңтар 2018 ж. 2 435 0