Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Біздің күшіміз – бірлікте

Біздің күшіміз – бірлікте

Қазақстан тәуелсіздігін алып, егемен ел ретінде танылған осынау ширек ғасыр ішінде өзін экономикасы қарыштап дамып келе жатқан мемлекет ретінде әлемге таныта білді. Тіпті, әлемнің алпауыт мемлекеттерінің өздері бүгінде Қазақстанмен санасатын дәрежеге жеттік. Бүгінде Қазақстан ынтымақ пен берекенің және бейбіт келісімнің мекеніне айналды.
10 қаңтарда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты ұлт көшбасшысының жолдауымен аудан тұрғындары мұқият танысуда.Президенттің Жолдауы арқылы ұсынылған ел дамуының негізгі бағыты — цифрландыру, Қазақстан әлемнің көшбасшыларының қатарынан табылу үшін ел өмірінің барлық тармағына цифрлық технологияларды енгізу қажет. Сондай-ақ, Елбасы барлық әлеуметтік және экономикалық саланың алдында 10 негізгі міндетті белгілеп берді. Бұл еліміздің алдына жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Ең алдымен, қазақстандық индустрияның жаңғыртылуы мен цифрландыруға, агроөнеркәсіп кешені мен көлік-логистика инфрақұрылымына ерекше назар аударылған. Дәстүрлі түрде әлеуметтік даму саласына баса маңыз берілген. Құрылыс және коммуналдық секторға заманауи технологияларды белсенді түрде енгізу, қайталанбас алдыңғы қатарлы білім беру жүйесін құру, медициналық көмектің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру, сапалы түрде жұмыспен қамту — мұның барлығы, сөзсіз, әрбір азаматтың өмір сүру сапасын арттырады.
Осылайша, Президент Н.Назарбаевтың бұл Жолдауы алдағы уақытта да қазақ елінің рухани һал әлеуметтік тұрғыда жаңғыруының маңызды болмақ. Жалпы, Жолдаудың ерекшелігі оның жүзеге асырылуы бойынша барша азаматтардың белсенді түрде атсалысуында. Президенттің Жолдауы — бұл әрбір қазақстандықты белсенді түрде жұмыс атқаруға шақырады. Елбасы Н. Назарбаев   Мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырғанымызды айтты. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға партия мүшелерінің де сенімі мол. Біздің басты күшіміз – бірлікте деп, бізге сенім артып отыр. Ендеше, сол сенімді ақтайық.
«Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П. Маханбет
11 қаңтар 2018 ж. 1 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930