Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕМДІК ДАМУДЫҢ АЙНАСЫ

ӘЛЕМДІК ДАМУДЫҢ АЙНАСЫ


ХХІ ғасыр – жаңа технологияның, ғылым-білімнің ғасыры. Мұны мойындамасқа шара жоқ. Әрбір әрекет, әрбір жұмыс бір ғана батырманы басу арқылы іске асатын заманға да жақындап келе жатырмыз. Бір ғана мысал, қазіргі таңда жер шарында 4 миллиардтан астам адам ұялы телефон қолданады.
Бүкіл әлем күн сайын, тіпті сағат, минут сайын жаңалық ашып, дамып жатқан мына заманда көштен қалмау үшін ешбір мемлекет қаржысын да, ресурстарын да аяп қалып жатқан жоқ. Осындай дамушы елдердің қатарында Қазақстан да бар. Елімізде қабылданған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты — қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру болып табылады. Еліміз тәуелсіздік алып, кенже қалған салаларды дамытуды қолға алған кезде жоғары технологиялар да назардан тыс қалмаған болатын. Жалпы, сандық технологиялардың біздің қоғамға берер артықшылықтары әрі бұл саланы дамытудың бізге берер пайдасы қандай?
Біріншіден, сандық технологияларды үкімет органдарының қызметіне енгізсек, өздеріне де тиімді және олардың қызмет көрсету деңгейі жоғарылайтыны сөзсіз. Екіншіден, қарапайым тұрғындар сандық технологияларды мейлінше меңгерсе, қажетті ақпаратқа қол жеткізу, үкіметпен байланыс орнату жағдайында елеулі ілгерілеушіліктер орын алады деп күтілуде. Үшіншіден, ақпараттық алмасу мен сақтауда алға басарымызға күмән жоқ. Қарапайым ғана мысал, сымсыз телефондар, желілік телеарналар — осындай іс-әрекеттердің жемісі. Цифрлы технологияларды дамытуға байланысты «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев: «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл — маңызды кешенді міндет. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты»,— деп нақты болашаққа айқын бағдар берді. Бұл үшін арнайы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы дайындалғанын мәлімдеді. Бұл бағдарламаның негізгі бағыты, біріншіден, ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру. Екінші бағыты — экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны енгізу. Сондай-ақ, ІТ мамандарды даярлау. Түптеп келгенде «Цифрлы Қазақстан» тек бір ғана ІТ саласын ғана емес, қоғамдағы өзге де салаларды дамытуға бағытталған.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ.
04 қаңтар 2018 ж. 4 158 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031