Ырыс пен ынтымақтың ұясы
Елбасының әр жылғы Жолдауы — тарихи құжат. Қайсысын алып қарасаңыз да стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Биылғы Жолдау да осы тұрғыдан сипатталған: бәрімізді революциялық дамуға жұмылдырып отыр. Міне, жасампаздыққа жетелеген осы өнеркәсіптік революция табыстарымызға ұйтқы болып, еліміздің еңсесін биіктетіп, ғаламдық өркениет өрісіне шығармақ.
Ұлт көшбасшысы: қайнаған тіршіліктің бәрі елдің білім беру жүйесін, коммуникация мен стандарттау салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеуде екенін баса айтты.
Елбасы атап көрсеткен 10 бағытқа жүктелген жұмыс - жұрт болып жұмылып атқарылатын іс. Әсіресе, өнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге көтеру, банк ісін жетілдіру және адам капиталын жақсарту бойынша Үкіметке қойылатын нақты міндеттемелер бар.
Қазіргі таңда халықаралық қауымдастық сапалы, экологиялық тұрғыдан таза ауылшаруашылығы өнімдерін тұтынуға ниетті. Сондықтан отандық кәсіпкерлер бұл трендті пайдалана білулері тиіс. Жолдауда айтылған жаңа технологиялар мен агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін арттыру шаруашылықтарды кооперациялау ғылыми орталар мен сала кәсіпкерлерінің бірлескен жұмыстары өзара пайдалы бағытта жүргізілсе отандық агроөнеркәсіп кешені дамитын болады. Ал мемлекетіміз бүгінгі күні құрылысына қыруар қаражат бөліп, қалыптастырып жатқан транспорт - логистикалық кешен сала өнімін сыртқы нарықтарға шығаруға жұмыс жасайтын болады. Аталған логистикалық инфрақұрылымды дамыту биылғы жолдауда көтерілген басты тақырыптардың бірі.
Білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Оған мамандарды қайта оқыту, интерактивті білім беру, түрлі технологиялық тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру сынды мысалдарды айтуға болады. Болашақ мамандардың сауатты, білімді болуы да білім ошақтарындағы дұрыс оқытудың нәтижесіне байланысты. Еліміздегі білім беру саласында қордаланған мәселелер өте көп. Мәселен, білімді кадрлар жайы, оқулықтар мәселесі, басшылардың біліктілігі, оқушылардың тәрбиесі, тағысын тағы. Бұлардың барлығы елдегі білім сапасыздығын арттыратын факторлар саналады. Білім жүйесіне бейжай қарауға болмайды. Өйткені, бүгінгі оқушы - ертеңгі маман. Білімсіз оқушыдан жақсы маман шықпайды тағы белгілі. Сондықтан, білім беру саласына мемлекет тарапынан жасалып жатқан түрлі шаралар, жаңашыл бастамалар осы олқылықтардың орнын толтыруы тиіс.
Халқымызда «Ынтымақ жүрген жерде, Ырыс бірге жүреді» деген мақал бар. Осы мүмкіндікті пайдалана отыра барша отандастарымызды Елбасының биылғы бастамаларын жаппай қолдауға, басты құндылығымыз - еліміздің мүддесі жолында жолдауда көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыруда жұмыла еңбектенуге шақырамын.
Сұлтанбек ОРАЗЫМБЕТОВ
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы