Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛЕУЕТ АРТЫП КЕЛЕДІ

ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛЕУЕТ АРТЫП КЕЛЕДІ

Елбасы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа арналған дәстүрлі Жолдауы биыл «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деген тақырыпта халық болып шешуге жұмылатын он негізгі міндетті жүктеді. Аталмыш Жолдаудың жетінші міндеті «Адами капитал – жаңғыру жолы» деп аталып, мұнда халықтың әлеуметтік ахуалын көтеру жолындағы нақты тапсырмалар берілді. «Әлеуметтік саясат азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тарту арқылы жүзеге асырылатын болады. Қазір зейнетақы жүйесі толықтай еңбек өтіліне байланыстырылған. Кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы алатын болады. Осыған орай барша қазақстандықтар өздерінің атқаратын жұмыстарын заңдастыруға зор мән беруі керек», – делінген Елбасы Жолдауында.
Биылғы Жолдауда тағы да баса назар аударылған әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі аудан халқына кеңінен таныстырылған болатын. Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылғандарға берілетін төлем күнкөріс деңгейінің 40 пайызынан 50 пайызына дейін көтерілді. «Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерінің барлығын толықтай орындайды» дей келе Елбасы зейнетақы, жәрдемақы мен жалақы өсімі ағымдағы жылы да болатынын айтты. Жол­дауда айтылғандай республикалық бюджеттің әлеуметтік салаға бөлінген шығыны 2018 жылы 12 пайызға өсіп, 4,1 триллион теңгеден асып отыр. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты 1,8 есе көбейетінін атап кетті Ұлт Көшбасшысы.
Жаһандық бәсекеге қабілеті артып, үшінші жаңғыруды еңсерген қазақ елі дамудың жаңа мүмкіндіктеріне бас­тайтын басты 10 тапсырма аясында жұдырық болып жұмылып, Жолдауға қолдау білдіретіні анық. Бұл төңіректе Елбасы биылғы дәстүрлі Жолдауын «Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек», – деп қорытқан болатын. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып біріге білсек біз еңсермейтін белес болмайды деп білемін.

Жандос ӘБЕНОВ,
аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімі
басшысының міндетін атқарушы.
13 қаңтар 2018 ж. 1 423 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031