Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихи шыңның табалдырығында тұрған ұлт

Тарихи шыңның табалдырығында тұрған ұлт

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жыл сайын Қазақстан Президентінің Жолдауын мұқият тыңдайды және оқып шығады.
2018 жылдың 9 қаңтарында Елбасы қатысқан тікелей эфирді көру үшін азаматтық қорғау қызметкерлері Департаменттің Мәжіліс залына жиналды. Ұжым Президенттің елдің дамуы үшін қандай бағыттарды нақтылағандығын білді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде 10 негізгі тапсырманы мемлекеттің жүзеге асыруы қажеттігі туралы айтты. Олардың ішіндегі басым бағытының бірі - сыбайлас жемқорлықпен күрес болды.
Соңында әріптестер Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы туралы өз ойларын ортаға салды. Жолдаудың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа мүмкіндіктердің дамуы» атты жетінші тапсырмасында ұлт көшбасшысы білім беру мен медицинаның бағытын нақты белгіледі. Сонымен бірге бұл Жолдауда Президент бірыңғай электрондық еңбек биржасы, еңбек кітапшаларына электрондық пішімдеу енгізудің қажеттігін атап өтті, өйткені зейнетақы жүйесі еңбек өтіліне байланысты болады, -деді. Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауында: «Кім ұзақ жұмыс істейді, сол еңбегіне сай мол зейнетақы алатын болады. Осыған байланысты барлық қазақстандықтар өздерінің еңбек қызметіне жауапкершілікпен қарауы тиіс», - деп атап өтілді.
Н.Ә.Назарбаев төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында тарихи шыңның табалдырығында тұрған ұлт ретінде жұдырықтай жұмылып қызмет етуге шақырды.
11 қаңтар 2018 ж. 1 187 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930