Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЕҢБЕК БИРЖАСЫНА 4 ИНТЕРНЕТ-АЛАҢ ҚОСЫЛДЫ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЕҢБЕК БИРЖАСЫНА 4 ИНТЕРНЕТ-АЛАҢ ҚОСЫЛДЫ


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі атап көрсеткендей, бүгінгі таңда электрондық еңбек биржасына 4 интернет-алаңдары  hipo.kz, market.kz, rabota.nur.kz және zarplata.kz қосылды. Аталған интернет-алаңдарында орналасқан бос жұмыс орындарын  www.enbek.kz адресі арқылы Электрондық еңбек биржасынан да іздеуге болады. Бос жұмыс орны туралы толық ақпаратты қарау үшін негізгі сайтқа кіреді.
Сонымен қатар, жұмыс іздеу мен қызметкерлерді іріктеуде дәнекерлеу қызметтерін жүзеге асыру мақсатында Астана, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарынан 27 жеке жұмыспен қамту агенттіктері порталда жеке кабинеттерін тіркеп, Электрондық еңбек биржасын қолдануда.
Бұған дейін хабарланғандай, Электрондық еңбек биржасы 2017 жылдың қазан айынан бастап Астана, Алматы, Павлодар және Шымкент қалаларының халықты жұмыспен қамту орталықтарында  пилоттық тәртіпте жұмыс істеді. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап бүкіл Қазақстан бойынша іске қосу жүзеге асырылды. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жаңа бизнес-процесс бойынша жеке жұмыспен қамту агенттіктері мен жұмыс берушілерден www.enbek.kz порталы арқылы келген үміткерлерді іріктейтін болады.
Жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарын тіркеу үшін жан-жақты тәртіп енгізілген, яғни бос жұмыс орындарын халықты жұмыспен қамту орталықтарына міндетті түрде бармай-ақ ұсынуға болады. Жұмыс беруші өзінің бос жұмыс орны туралы ақпаратты Электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинеті арқылы бере алады. Бұл халықты жұмыспен қамту орталықтарына жұмыс берушілердің бос жұмыс орындары туралы мәліметті ұсыну туралы міндетті заңнама қағидаттарының іске асырылуын жеңілдетеді.
Электрондық еңбек биржасына тіркелу үшін портал қызметін толық пайдалану мақсатында электрондық адресті, орналастырылатын мәліметтердің дұрыстығын бекіту және растау үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны көрсету жеткілікті.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмыс берушілермен өзара қызметтері белсенді және нақты байланысқа өтеді. Тәжірибеде жұмыс берушілердің талаптарына бағытталған әрекеттер жүзеге асырылатын болады.  Жұмыс берушілердің талаптарына сай келетін жұмыс іздеуші HR-қызметтері секілді біліктіліктері бойынша іріктелетін болады.
Еркін ҚАЛДАН
08 қаңтар 2018 ж. 2 039 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031