Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАҚСТАННЫҢ 215 МЕКТЕБІНДЕ «ФУТБОЛ САБАҒЫ» ЕНГІЗІЛЕДІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 215 МЕКТЕБІНДЕ «ФУТБОЛ САБАҒЫ» ЕНГІЗІЛЕДІ


Қазақстанның футбол федерациясы Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, еліміздің бүкіл мектептерінде «Футбол сабағы» жобасын енгізуді қолға алмақ. Аталған жоба алдымен 1-4 сынып оқушылары үшін өткізіледі.

Әзірге мәлім болғанындай, қазірдің өзінде республиканың сегіз аймағында, атап айтқанда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, және Алматы облыстарының  мектептерінде балалар арнайы мамандардың үйретуімен футбол дәрісін тыңдайтын болады. Сондай-ақ бұл жоба Алматы мен Астананың 30 мектебінде де жүзеге асырылмақ. Әр аймақта танымал футбол мамандарымен және есімі  елге белгілі футболшылармен семинар сабақтар өткізіледі. «Астана», «Тараз», «Шахтер», «Ордабасы», «Жетісу», «Қайсар», «Ертіс», және «Қайрат» футбол академиясының бапкерлері де бұл сабаққа қатысып, жас өрендерге аяқдоптың қыр-сырын үйретеді.
Министрліктің ережесіне сәйкес, «Футбол сабағы» дене шынықтырудың әр үшінші сағатында өтеді. «Футбол сабағын» өткізу туралы» Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылдың 14 тамыз күнгі №405 жарлығына қосымша енгізу туралы» жарлық шыққаны белгілі. Оған сәйкес үстіміздегі жылдың 30 қазанынан бастап, бұл пилоттық жобаға қазірдің өзінде Павлодар облысының 27 мектебі қатысып отыр.
Еркін ҚАЛДАН
14 желтоқсан 2017 ж. 2 968 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (9452)

10 қараша 2026 ж.

№84 (9451).

07 қараша 2026 ж.

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30