АУДАН ӘКІМІ БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Кеше аудан әкімі Әшім Оразбекұлы Бәйгеқұм, Бестам және Еңбекші ауылдық округтеріндегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, олардың жағдайымен және жүргізіп жатқан жұмыстарының барысымен танысты.
Сонымен қатар, елді мекен тұрғындарының тыныс-тіршілігі мен қам-қарекетін біліп, ауданда жүзеге асырылып жатқан жұмыс барысын және алдағы жоспарлары туралы хабардар етуді мақсат еткен аудан басшысы ауыл ардагерлерімен кездесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, ауылдардың әлеуметтік жағдайы, халықтың тұрмыс – тіршілігі, өзекті мәселелер жөнінде ауыл ақсақалдарының ұсыныс – пікірлерін тыңдады.
Сонымен бірге, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын, мемлекетте жүргізіп отырған реформалардың оң нәтижелерін кеңінен түсіндіріп, шағын және орта бизнесті дамыту жолында бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Аудан басшысы Бәйгеқұм ауылдық округіндегі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан «Әсем бөбекжайы» балабақшасының жұмысымен танысып, мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
Аудан әкімі аялдаған келесі нысан Жуантөбе ауылдық округіндегі мемлекеттік-жекеменшік аясында салынып, пайдалануға берілгелі тұрған спорт кешенінің жұмысымен танысты. Ауыл тұрғыны, «БЕТА и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Машрапин Ерболат Жылқайұлының жеке қаражатына салынған Спорт кешенінде бокс, күрес, волейбол, кіші футбол үйірмелері жұмыс жасайтын болады. Тұрғындарға арналған атлетитка залы, сонымен қатар кешкі уақытта ауыл тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту жоспарланып отыр.