Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек

Жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек

2017 жылдың 21-қараша күні Керделі ауыл­дық округі, Н.Бекежанов елді мекенінде 2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматын іске асыруға кедергісіз көшудің алдын алу мақсатында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргі­зілді. Жиынға Шиелі ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры А.Ал­дабергенов, «Өрлеу» бағдарламасы бойынша консультанты Қ.Нұртаза, ауыл әкімі Ержан Файзолла, ауыл тұрғындары барлығы 39 адам қатысты. Жиын барысында А.Алдабергенов 2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматына көшу жөнінде жалпылама түсіндірме жұмыстарын жүргізіп өтті. Сонымен қатар 4 және одан да көп балалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы бойынша 2018 жылдан бастап жаңадан құ­жат қабылданбайтынын, бірақ осы мерзімге де­йін құжаттары өткізіліп, тиісті мемлекеттік жәрдемақыны алып отырған отбасыларға ары қарай төлем жүргізіле беретіні жайлы нақты түсіндіріп өтті. Ауыл тұрғындары Г.Жұмабаева, Б.Сыздықова т.б қойған сұрақтарына мамандар толық жауап берді.

Ж.Оралбаева,
Керделі ауылдық округі аппаратының әдіскері.
27 қараша 2017 ж. 1 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9272)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (9271)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (9270)

14 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031