Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кедергісіз қоғам қалыптастыру

Кедергісіз қоғам қалыптастыру


Қараша айының 22 жұлдызында аудан әкімдігінде мүгедектерге «Кедергісіз орта қалыптастыру» мақсатында комиссия отырысы өткізілді.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мінберге шыққан аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағ­дарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлім басшысының орынбасары Жандос Абенов аудан көлемінде мүгедектерге кедергісіз орта қалыптастыру жөнінде 2017 жылы атқарылған жұмыстар жайлы хабарлама жасады. Аудан бойынша 234 әлеуметтік құрылым объек­тілеріне түгендеу жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 99 ғимарат бейімделуге жатады деп танылған. Бүгінгі күнге дейін 92 ғимаратқа бейімдеу жұмыстары жасалған.
«Осы жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру мақсатында үйлестіру комиссия отырысында 2012 жылдан бастап меншік нысанына қарамастан кезең-кезеңімен бүгінгі күнге дейін орындалатын жұмыс көлемдері белгіленіп, тиісті лауазым иелеріне нақты тапсырмалар беріліп келеді. Үйлестіру комиссиясының 2017 жылдың 2 маусымдағы отырысында атқарылған жұмыстарды қорытындылап стандарт талаптарына толық сәйкестендіру мақсатында тағы да қосымша тапсырмалар беріліп, бақылауға қойылған болатын. Өкінішке орай орындалған жұмыстарда әлі де кемшіліктер бар», – деді Ж.Абенов.
2016 жылы стандарт талаптарына толық сәйкестендіріп бейімдеуге тиісті жұмыстарды толық аяқталуға тиіс мекемелердің барлығын аралап, зерттеу жүргізілген. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік субъек­ті­леріндегі стандартқа сәйкес және сәйкес емес пандустар слайд арқылы көрсетілді. Сонымен қатар, стандартқа сәйкес пандус­тар мен бастырмаларды қажет ететін ғимараттарды атады.
Бұдан бөлек, еңбек, әлеу­меттік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Болат Накипов баяндама жасады. Ол алдағы уақытта барлық мемлекеттік және өзге де ұйымдарда, оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда заңмен белгіленген тәртіпте мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын іске асыруға қолжетімділігін қамтамасыз етуді және оның жүзеге асырылуын бақылау жұмыстары жөнінде ақпарат берді.
27 қараша 2017 ж. 1 620 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031