Ел игілігіне берілген жаңа нысандар
Әр салада қызмет жасаған аудан ардагерлері, ауыл әкімдері мен тиісті сала басшыларынан құралған бұл топ алдымен Тартоғай ауылдық округіне қарасты «2 Ферма» елді мекеніндегі жаңадан салынған медициналық пункттің ашылу салтанатына қатысты. Ел игілігіне берілген ғимараттың лентасын аудан әкімі Ә.Оразбекұлы қиса, Тартоғай ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Алсейтов ақ батасын берді. Айта кету керек бұл ауылдағы 1953 жылы пайдалануға берілген ескі медициналық пункт ғимаратының 2010 жылы апаттық жағдайы анықталған соң, жеке кәсіпкер Қамбарбатыр Жахаев 9 млн. 400 мың теңге көлемінде қаржы бөліп, осы ғимараттың бой көтеруіне демеушілік танытқан.
Сонымен қатар, Тартоғай ауылында 2016 жылы наубайхана құрылысы басталған болатын. Бүгінгі таңда жас кәсіпкер Нағашыбай Серікбаев «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қорынан 2,3 млн. теңге, Өңірлік инвестиция орталығынан 3 млн. теңге несие алып, осы кәсіпті дөңгелетуде. Сондай-ақ, 3 адамды жұмыспен қамтып, күніне 250-300 бөлке нан, 150 тоқаш, 100 самса шығарып, Тартоғай, Майлытоғай, Ботабай ауылдары мен ЗК-169/4 мекемесін нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр екен. Шағын наубайхана жұмысын өз көзімен көріп, қызметіне көңілі толған Ә.Оразбекұлы барлық ауыл әкімдеріне осындай кәсіпті өз ауылдарында да ашуды тапсырды.
***
Тартоғайдағы толымды тірлікке, жасалған жұмыстарға жақсы баға беріп, жолға шыққан топ Жөлек елді мекеніндегі балық асырау шаруашылығымен айналысып отырған кәсіпкердің алға қойған жоспарларымен танысты. Жөлек ауылының тұрғыны Рита Мықтыбаева: «Үйіміздің қасында ескі су жүрген каналдың орны болды. Жаз мезгілінде ол шұңқырға ыза су жиналып жататын. Осы ескі каналдың орнын күйеуіміз екеуміз ақылдаса келе өз игілігімізге пайдаланбақшы болдық. Алыс-жақын туыстар бар. Күн жылып, демалыс уақытында қыдырып келген шақта балық аулап, тынығатын орынға айналдыру да ойда болды. Ауылға келген жер қазатын тракторды шақыртып, ескі каналды кеңейтіп қаздырдық. Биікте орналасқан каналдан 27 метрге құбыр жүргіздік. Су айналымы болсын деп қашыртқыға қарай 37 метрге құбыр көмдік. Содан ауылдағы күріштік алқабындағы шабақтарды ұстап тастай бердік. Наубайханалардан алған қатқан нанды, басқа да жемдермен араластырып беріп тұрдық. Бастапқыда бұны кәсіпке айналдырамыз деген бізде ой болған жоқ. Әлі де үйренеріміз көп. Мұнымен қоса, құс асыраумен де айналысамыз. Алдағы уақытта кәсібімізді кеңейтіп, құрылыс жұмыстарын жүргізіп, тамаша бір тынығу орнына айналдырмақ ойымыз бар», – дейді ол.
Аталмыш орынға арнайы мән берген аудан әкімі Ә.Оразбекұлы: «Кәсіппен айналысамын деген жан көзін табады», – деді. Кез келген ауыл тұрғыны Ритадан үлгі алып, кәсіп бастаймын десе барлық жағдай бар екенін тілге тиек етті. Өзімен бірге шыққан ауыл әкімдеріне бұл сапардың мақсаты – барлық ауылда осындай кәсіптің көзін ашып, ұйымдастыруға болатынын меңзеді. Осыдан үлгі алуды сұрады. Ауылдың ардақты ақсақалдарымен пікір алысып, батасын алып, Ортақшыл елді мекеніне бағытын түзеді.
***
Ортақшыл ауылында жобалық құны 36 млн. 950 мың теңге болатын әкімшілік ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі елімізде, облысымызда, ауданымызда іске асырылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Тарысымен танылған ауыл тұрғындарын ҚР Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтады. Игі тілектерін тіледі. Ауданның құрметті азаматы Пердәлі Архабаев пен ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы Талғат Нысанбаев ізгі ниетін білдіріп, тұрғындар атынан алғыстарын айтты. 4 айдың ішінде құрылыс жұмыстары аяқталған ғимараттың мердігері ауыл әкіміне символдық кілтін табыстап, лентасы қиылып, жаңа әкімшілік халық игілігіне берілді.
***
Ел қажетіне салынған ғимараттардың арасында Қызылқайың елді мекеніндегі Өскен Буриев пен қызы Салтанат Буриеваның демеушілігімен бой көтерген медициналық пункт те бар еді. Жалпы құны 9 млн. теңге көлемін құрайтын ғимараттың сәні мен сәулеті келіскен. Сырдария өзенінің арғы бетінде орналасқан, 50-ге жуық үйі бар халық үшін бұл үлкен қуаныш болды. Оған ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы Аспандияр Уәлиханов өз сөзінде тоқталып өтті. Сонымен қатар, аудан басшы қызметін атқарып келген жандардың есімдерін тізіп, шағын ауылға жасаған жақсы істеріне тоқталды. Алғысын жаудырып, ризашылығын білдірді. Бұл ретте ауыл фельдшерінің еңбегін де атап өтуді ұмытпады.
***
Мереке қарсаңындағы жағымды жаңалықтардың тағы бірі ауданымыздың іргесінде орналасқан Алғабас ауылында да орын алды. Өткен жылдары ақын Кенжебай Жүсіп басшылық ететін ауылдық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, ғимарат жаңарып, ауыл тұрғындары риза болған еді. Енді салынған ауыл әкімшілік ғимараты қуаныш үстіне қуаныш қосқандай болды. Бұл уақытқа дейін ауыл әкімшілігінің қызметкерлері ескі ғимаратты пайдаланып келген еді. Енді бұл ауылда да заман талабына сай көрікті ғимарат тұрғызылды. Алғашқы сөз тізгінін алған аудан әкімі Ә.Оразбекұлының құттықтау сөзінен соң, ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы Әріпхан Жақыпұлы ауданымызға жаңадан тағайындалған әкімі Әшім Оразбекұлының жұмысына табыс тіледі. Апаларымыз шашу шашып, лента қиылып, келген қонақтар сұлулығы мен сәні жарасқан жаңа ғимаратты аралап, ішкі құрылысымен танысты.
***
Аудан әкімі бастаған топ Көкшоқы мөлтек ауданында орналасқан жеке кәсіпкер Ербол Жеңсікбаевтың жылыжайына атбасын бұрды. Жылыжай құрылысы 2008 жылдың қараша айында іске қосылып, оған 21 млн. теңге көлемінде қаржы жұмсалған. Жалпы көлемі 35 сотық жерді құраса, оның 17 сотық жеріне сарымсақ егілген. Жеке кәсіпкер Е.Яхулаұлы: «Сарымсақ-қияр, қызанақ секілді көкөністердей күтімді көп талап етпейді. Оның тұқымын егіп, сабағы өскен соң екі-ақ мәрте суарасың. Сондай-ақ, қатты жылуды да қажет етпейді. Әрі шығыны да аз. Бұйыртса, алғашқы өнімді наурыз айларында жинау жоспарда бар» – дейді. Сарымсақ егуге кеткен шығын 1 млн. теңге болса, кіріс көзі 6 млн. теңге көлемінде болады деп болжам да жасады. Қазіргі кезде тұрақты жұмыспен 4 адамды қамтамасыз етсе, маусымдық жұмыста 8 адам жұмысқа тартылатын болады. Сонымен қатар, алдағы уақытта шеге шығаратын станок пен 1200 тонна көлеміндегі қойма соғылатынын тілге тиек етті. Ресейден арнайы алдырған құрылғы минутына 300 дана шеге шығаратын болады. Әрі 2 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды. Кәсіптің көзін тапқан жеке кәсіпкер Ерболдың алдағы уақытта жүзеге асыратын біршама бастамаларын аудан әкімі де қоштап, табыс тіледі.
Жұмыс сапарымен шыққан аудан әкімі сөз соңын арнайы осы жылыжайдың қасында тұрып қорытындылады. Алдағы уақытта барлық ауыл әкімдеріне осындай 2 жылыжай іске қосылатын болсын деген тапсырма берді. Сонда, 60-қа жуық жылыжай жұмыс жасап, біршама азаматтар да жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, шет елден тасымалданатын өнімдерді азайтып, бағасы қолжетімді, әрі сапалы өзіміздің өнімді тұтынатын боламыз. Бұл ел экономикасына да, өзімізге де тиімді болмақ.