Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Тальго» Астана мен Қызылорда арасын жалғайтын болды

«Тальго» Астана мен Қызылорда арасын жалғайтын болды

14 желтоқсаннан бастап «Тальго» пойызының бағыты кеңейеді. Бұған дейін Астана – Жезқазған арасында қатынаған заманауи құрам енді Қызылордаға дейін жүретін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның хабарлауынша, бағытқа жоғары деңгейлі жайлылыққа ие «Тальго» құрамдары шығарылмақ. Билеттердің бағасы мынадай: 7876 теңге – отыратын орын, 28 437 теңге – купе, 30 236 теңге – люкс. Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін арнайы орындар қарастырылған, оларға 50 пайызға дейін жеңілдік ұсынылады.
«Бағыттың ұзаруы жол жүру уақытын стандартты пойыздардан 7 сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде еліміздің ірі өңірлері арасындағы көлік қатынасын тұрақтандырып, жолаушылардың қысқы маусымдағы сапарын едәуір арттырады», делінген хабарламада.
Сонымен қатар дәл осы күні Алматы-Ташкент бағытында  жаңа «Тальго» пойызы жолға шығады. Ол күн сайын қатынайды.


13 қараша 2025 ж. 300 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930