Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады



Елімізде наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

«Жолаушылары тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, №241/242 «Қызылорда-Атырау» пойызы Қызылордадан 20, 22, 24 наурыз күндері, ал Атыраудан кері бағытта 21, 23, 25 күндері жүреді.Қосымша жүретін пойыздарға тоқталып өтер болсақ, №7510 Астана-1-Павлодар бағытындағы пойыз 19, 20, 21, 25 наурыз күндері бір бағытта қатынайды;
- Сол секілді №7502 Астана-1-Павлодар бағытындағы пойыз 25 наурыз күні бір бағытта қатынайды;
- №7509 Павлодар-Астана-1 бағытындағы пойыз 20 наурыз күні бір бағытта қатынайды.
Сонымен бірге, мереке күндері жоғары сұранысқа ие бағыттар бойынша (2019 жылдың 19-26 наурызы күндері) жолаушылар пойызына қосымша 220 тіркеме тіркеу жоспарланған.
«Жолаушылары тасымалы» АҚ сонымен қатар мереке күндері бір реттік қосымша пойыздарды жіберу көзделіп отырғанын еске салады.
Нақты айтқанда, компания мәліметіне сай, №202/201 «Астана-1-Павлодар» пойызы қатынайтын болады. Жолаушылар көлігі Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері жөнелтіледі, ал Павлодардан 21, 25 наурыз күндері кері шығады. Сол секілді №204/203 «Астана-1-Алматы-1» пойызы Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері, ал Алматы-1-ден 21, 25 наурыз күндері; №205/206 «Алматы-2-Арыс-1» пойызы Алматы-2-ден 7, 21 наурыз күндері, ал Арыс-1-ден 9, 23 наурыз күндері қатынайды. №241/242 «Қызылорда-Атырау» пойызы Қызылордадан 20, 22, 24 наурыз күндері, ал Атыраудан кері бағытта 21, 23, 25 күндері жүреді.
«Компания пойыздардағы жолаушылардың санына мониторинг жүргізіп отыр. Сұраныс артқан кезде белгілі бір уақытта техникалық мүмкіндіктерге сәйкес, вагондар қосылып, қосымша пойыздар жолға шығады. Қолға алынған шаралар мерекелер кезінде 18 мыңға дейін жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді», - делінген компанияның хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін де мерекелер карсаңында қосымша пойыздар жолға шығатыны туралы хабарлаған болатынбыз.
syr-media.kz


13 наурыз 2019 ж. 1 549 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031