Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 2018 жылғы мерекелік күндер күнтізбесі жарияланды

2018 жылғы мерекелік күндер күнтізбесі жарияланды


Қазақстандағы 2018 жылғы мерекелік күндер күнтізбесі жарияланды,– деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Қазақстан Республикасындағы мереке күндері Ұлттық мереке: 16-17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні; Мемлекеттік мерекелер: 1-2 қаңтар – Жаңа жыл; 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні; 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы; 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі; 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні; 9 мамыр – Жеңіс күні; 6 шілде – Астана күні; 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні; 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Осыған орай, 2018 жылғы жұмыс уақытының балансын құру кезінде Заңның нормаларын есепке ала отырып, демалыс күндеріне (сенбі, жексенбі) сәйкес келетін мереке күндері мерекеден кейінгі жұмыс күніне ауыстырылды. Бес күндікте: 1 қаңтардан 3 қаңтарға; 16 желтоқсаннан 18 желтоқсанға. Алты күндікте: 16 желтоқсаннан 18 желтоқсанға. Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні және 7 қаңтар – православиелік Рождество демалыс күндері болып саналады. 2018 жылы Құрбан айттың бірінші күні 21 тамызға тура келеді.

Massaget.kz
14 қаңтар 2018 ж. 5 522 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930