Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Димаш Голливудта жүлделі болды Димаш Голливудта жүлделі болды

Димаш Голливудта жүлделі болды Димаш Голливудта жүлделі болды

Димаш Құдайберген АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы әлемдік киноиндустрияның «жүрегі» болып есептелетін мекен — Голливудта кезекті музыкалық жүлдеге лайық деп танылды. Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, тілеулестерінен сүйінші сұрады.  
— Құрметті менің тыңдармандарым! Қуанышты хабарыммен сіздерді қуантуға асықпын. Бүгін Америкада, Голливудта «Hollywood music in media awards»  марапаттау кешiнде «Moonlight over the Sea» атты әнім «The best original song of video game» (Үздік саундтрек) номинациясы бойынша жеңіске жетті. Композитор Томас Парижч мырзаны, осы жобаға атсалысқан америкалықəріптестерімді, өз командамды шын жүректен құттықтаймын! Тілеулес ағайынға, барша жерлестеріме, осы уақытқа дейін менімен бірге болған тыңдармандарыма үлкен алғыс білдіремін,— деп ақжарма тілегін білдірді ол.
Димаштың қуанышты жаңалығы бұл ғана емес. Естеріңізге сала кетсек, ақтөбелік әнші бұған дейін ең алғашқы әлемдік турнесіне әзірленіп жатқанын хабарлаған еді. Оның жазбасына қарағанда, бұл жолғы концертінің атауы «D-Dynasty» деп аталмақ.


 
 
 

ПІКІР ЖАЗУ

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *
Аты-жөні *
Email *
Сайт

22 қараша 2017 ж. 1 514 0