Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Instagram королі Словения президенті болды

Instagram королі Словения президенті болды

Словенияның қазіргі басшысы Борут Пахор президенттік сайлаудың екінші кезеңінде 53% дауыс жинады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Борут Пахор Словениядағы президент сайлауында жеңіске жетті. Сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес, екінші кезеңде дауыс берушілердің 53%-ы оған қолдау білдірген, деп жазды STA.
Пахор сайлаушыларға екінші мандатта саяси «дауысын» еститіндей етуге уәде берді.
«Президентті сайлаушылар өздерінің уайымдайтын мәселелеріне нақты шешім табылғанын қалайды. Мұны түсінемін. Бұл менің саясаттағы стилімді ертең-ақ өзгертемін деген емес, бірақ менің дауысым естілетіндей жағдай жасаймын», - деді президент.
Борут Пахор әлеуметтік желідегі парақшасына жүйелі түрде фото жүктеп тұрады. Сондықтан халық оны «Инстаграм королі» деп атап кеткен. Ол желіде қызметтік міндеті және түрлі шара туралы сурет салады.

16 қараша 2017 ж. 1 480 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (9304)

20 мамыр 2025 ж.

№36 (9303)

17 мамыр 2025 ж.

№35 (9302)

12 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031