Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «EXPO 2023» көрмесі Буэнос-Айреста өтеді

«EXPO 2023» көрмесі Буэнос-Айреста өтеді

Халықаралық көрме бюросына мүше елдер осы ұйымның Парижде өткен 162-ші Бас Ассамблеясында келесі «EXPO 2023» мамандандырылған көрмесі өткізілетін ел ретінде Аргентинаға таңдау жасалды. Кезекті көрмені өткізу үшін АҚШ, Польша және Аргентина өзара бақ сынасқан болатын. Таңдау оңай өткен жоқ. Американың Миннесота қаласы «Бүкіл әлемге денсаулық» тақырыбында тұсаукесер жасап, 25 дауыс жинаса, «Қаланы жаңғырту» тақырыбын ұсынған Польша цифрлық дәуірдің шығармашылық мүмкіндіктері туралы жоба түзген Аргентинамен тең түсіп, 46 дауысқа ие болды. Осыдан кейін екінші кезең өтті. Бұл жолы Буэнос-Айрес Польшаның Лодзь қаласына қарағанда 6 ұпай артық жинап, 62 дауысқа ие болды. Сонымен жаһандық көрме 2023 жылы 15 қаңтардан 15 сәуірге дейін Аргентинада өтеді. Бюрода атап өткендей, «EXPO 2017» мамандандырылған көрмесі жоғары дәрежеде өтіп, 4 миллион келуші жинаған. Бұл жоспардың екі есеге асыра орындалғанын көрсетеді. Эрнан Ломбарди, Аргентинаның ақпарат министрі: – Бақытымызда шек жоқ. Тек біздің еліміз ғана емес, бүкіл Латын және Оңтүстік Америка қуанып жатыр. Әлем елдерінің қолдауы арқасында Буэнос-Айрес «EXPO 2023» көрмесін өткізу мәртебесіне ие болып отыр. Бұл барлық елдер үшін цифрлық жаңғыру мен жасампаздық индустриясын дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Бүкіл әлем шағын смартфонның көмегімен өмірін қалай жақсартуға болатынына көз жеткізеді. Астанада өткен «EXPO 2017» көрмесіне қатысқанымызға ризамыз, өте жақсы әсер алдық. Елдеріңіз керемет жұмыс атқарды, сол себептен тәжірибелеріңізбен бөлісіп, көмек берулеріңізді сұраймыз.


www.24.kz
16 қараша 2017 ж. 1 550 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031