АНА ЖҮРЕГІ БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҚАЛАЙДЫ
Ана – баласы үшін түн ұйқысын төрт бөлетін жан. Олар үшін балаларының бақытты жүзінен асқан қуаныш жоқ шығар, сірә. Үш баланың анасы Орынкүл Ишанова: «Мен балаларымның бақытты болғанын, жүздеріне күлкі ойнағанын қалаймын. Бірақ, кенедей жабысып алған дертімнің кесірінен, балаларымды бақытты қылмақ түгілі өзім сары уайымнан көз аша алмай жүрмін», - дейді.«Төңкеріс» ауылының тұрғыны Орынкүл Ишанова: «Науқасқа шалдыққалы әр күнім сары уайыммен өтуде», – дейді. Иә, олай дейтін де себебі бар. 1981 жылы туылған ол бұл дертпен арпалысып жатқанына да 2 жылдай уақыт болыпты. «Ол созылмалы бүйрек дертіне шалдығып, бір бүйрегін алдыруға мәжбүр болған. Соның өзінде екінші бүйрегінің 24 пайызы ғана жұмыс жасап тұр», – дейді дәрігерлер. Сол себепті жалғызбасты анаға жуық арада екінші бүйрегін ауыстыру керек. Қазіргі таңда Орынкүлдің бір анадан туылған сіңлісі бір бүйрегін беруге дайын екен. Бірақ ота жасатуға 600 000 теңге қаражат керек.
Науқас жанның өтініші бойынша ауыл әкімі Мұрат Әшірбеков ауылдағы мекеме басшыларын, ауыл имамын, ауыл ақсақалдарының басын қосып, жиналыс өткізді. Мәселенің мәнісін түсіндіріп, жалдамалы үйде тұрып жатқан анаға ел болып, ауызбіршілік танытып, көмек қолын созуды сұрайды. Сүрінгенге сүйеу болу, құлағанды демеп, қиындыққа тап болған жанға қолдау көрсету қашаннан қанымызда бар қасиет. «Әр қазақ жалғызым» демекші, төңкерістік ағайындар әкімнің бастамасын қоштап отаға қажетті қаражатты жинап берді. Қазіргідей нарық заманында отбасының қажеттілігінен артылдырып, көмекке мұқтаж жанға қол ұшын созу нағыз жомарт жандардың ісі емес пе?
Сонымен қатар, Мұрат Шайтмағанбетұлы ауданымыздағы біршама мекемелердің табалдырығын аттап, көмекке, қаражатқа мұқтаж жан туралы айтады. Бірақ, ауданымыздың іргесінен салынып жатқан заманауи «Гежоба Шиелі Цемент» зауыт директорының орынбасары Фу Мин ғана сөзден гөрі іске кірісіп кетеді. Ауыл әкімін құшақ жая қарсы алған Фу Мин қуанышын білдіріп, кез келген жағдайда науқас жанның өміріне әлеуметтік тұрғыда көмек қолын созуға дайын екенін айтады. Сондай-ақ, Орынкүлге ота жасалған соң да қамқорлық көрсететінін жеткізді.
Қолы ашық, қайырымды жандар өткен бейсенбі күні Орынкүл Ишанованың шаңырағында болды. Олар, қиыншылықтан қамығып отырған жалғызбасты ананың жүзіне күлкі ұялатты. Қызметкерлердің қалталарынан жинаған қаражаттарын «Гежоба Шиелі Цемент» зауыты директорының орынбасарлары Фу Мин мен Азамат Мұхамедкәрім және ауыл әкімі Мұрат Әшірбековтер табыс етті. Тек қаражатты ғана беріп қоймай, рухани күш сыйлады десек те болады. «Балаларыңыз сүйкімді екен. Сіз оларға керексіз. Сондықтан ауырмаңыз. Тез жазылып кетіңіз. Біз әрдайым көмек көрсетуге дайынбыз», – деді зауыт қызметкерлері. Қаншама қиыншылық көрсе де шыдап баққан ананың жүрегі ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
Ерұлан БАЛТАБАЙҰЛЫ.