Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЛАҢЫЗҒА ҚАНША АҚША БЕРЕСІЗ?

БАЛАҢЫЗҒА ҚАНША АҚША БЕРЕСІЗ?


ОТБАСЫНДА КӨРГЕН ТӘРБИЕ МЕН ТӘРТІП БАЛАНЫҢ ӨМІР БОЙҒЫ АЗЫҒЫ. СОНДЫҚТАН, ҮЙДЕГІ КІШКЕНТАЙЛАРҒА КӨП КӨҢІЛ БӨЛГЕНІМІЗ ЖӨН-АҚ. САБАҚ ҮЛГЕРІМІ, ДОСТАРЫ, ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУЫ БАРЛЫҒЫ ДА ҮЙДЕГІ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ. АЛ, БҮГІН БАЛАМЫЗҒА АҚША БЕРМЕСЕК МЕКТЕПКЕ ЖІБЕРЕ АЛМАЙТЫНЫМЫЗ БЕЛГІЛІ. СЕБЕБІ БАРЛЫҒЫ ДА сабаққа ҚАЛТАҒА ТИЫН САЛЫП БАРУДЫ ӘДЕТКЕ АЙНАЛДЫРҒАН.Аш баланың миына сабақ қонбайды. Дегенмен, тоқтық та ұйқыны келтіреді екен. Мектеп қабырғасындағы балаға ақша ұстатып үйретіп алғанбыз. Ал, сол ақшаны қалай, қанша мөлшерде беріп жүрміз? Қазір ата-анаға студент ұл-қызы былай тұрсын, мектепте оқитындарының қалтасына да күнделікті тиын-тебен салып тұруына тура келеді. Азын-аулақ болса да сол теңгенің өзі баланы ақшаны дұрыс жұмсай білуге үйретеді. Өйткені, бұл – баланың алғашқы «бюджеті» емес пе?.. Айтайын дегеніміз, ата-ананың баласына күнделікті қажеті үшін қанша ақша бергені дұрыс деген әңгіме төңірегінде.
Еуропаның бірқатар елдерінде (мәселен, Германияда) баланың күнделікті шығындары үшін қажетті ақша арнайы заңмен бекітілген. Ақшаның көлемі баланың жасына қарай өзгеріп отырады. 6 жасар бала 50 еуроцент алса, 15 жасқа дейін оның «карманный» шығыны 30 еуроға дейін өседі. Ал, бізде мұндай алдын ала шегеленіп жазылып қойған ереже жоқ. Балаңызға қанша ақша беремін десеңіз де еркіңізде. Оны мүмкіндігіңіз бен жомарттығыңыз білсін. Алайда, шектен тыс жомарттық баланы ысрапшылдыққа, оңды-солды ақшаны жаратуға тәрбиелейтінін естен шығарып алмайық. Қаржының қандай еңбекпен келетінін қөрсетіп, жөнді жарата білуге де баулығанымыз дұрыс. Сондай-ақ, күнделікті беретін қаражат көлемін де тұрақты түрде қадағалап отыру бүлдіршінді тиянақтылыққа шақырады екен. Бір қызығы, өте бақуатты тұратын ата-аналар балаларына ақшаны өте аз береді. Кейбірі тіпті бермейді де. Олардың көпшілігі ақша беру баланы жалқау әрі масыл етеді деп есептейді. Ал өзінің алғашқы компьютерлік бағдарламасын 13 жасында жасаған әйгілі миллиардер Билл Гейтс балаларына бүкіл дәулетінің 1 пайыздай ғана бөлігін қалдырыпты. «Миллиардер болып есею сындарлы емес» деп есептейтін Гейтс балаларының өздерін-өздері қамтамасыз етуді үйренгенін қалайды. Сондықтан да аңызға айналған байлығының басым бө­лігін балаларына емес, қайырымдылыққа берген. Сондықтан, біз де балаларымызға 50-150 теңге көлемінде ғана қаржы беріп, оны дұрыс жұмсай білуіне назар са­лайық.
Әр үйдегі тәр­­бие әртүрлі өріледі. Біреу баласын таршылықта өсіргенін қаламайды. Ал базбіреулер балаларына артық ақ­ша ұстатқанды жөн санамайды. Бала – болашағымыз. Оларға талбесіктен берілетін тәр­бие тек ақшамен өлшенбеуі тиіс. Себебі, санаға сіңген тәрбие бәрінен жоғары. Баланы ешкімнен кем қылмай бағып-қағып, ұядан қанатын қатайтып ұшыру – әрбір ата-ананың міндеті. Тек алақанда аялаған бала адамгершіліктен аттамаса болғаны.
14 қараша 2017 ж. 2 538 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031