«ЖАЙМА БАЗАРДАН» «ҮШІНШІ ТАЙМҒА» ДЕЙІН немесе қаламгер Нұрмахан Елтай туралы сөз
Асылы, адам баласы екі нәрсеге: біріншісі – табиғатқа тартып туады, екіншісі – қоғамына тартып қалыптасады. Әрине, екеуінің де ұғымы кең, ұлағаты терең. Табиғат дегеніміз – әуелі адамның әке-шешесі, яғни өз жұрты мен нағашы жұрты содан соң туған жері, туған жыл, ай-күні, тіпті туған сағат-секунды. Жаратқанның құдірет-шеберлігінде шек жоқ. Жер бетінде қанша миллион қазақ бар, соның ішінде осы Сыр бойында, Шиелі мен Жаңақорған өңірінде туған қанша адам бар, бәрі бір-біріне ұқсамайды, ағайынды сегізді былай қойғанда, бірге туған егіздің өзінде едәуір айырма бар. Мұның себебі – біз айтқан туған әке-шеше, қос жұрт, туған жер, ауа райы табиғатынан, жарық дүниеге келген уақыт айырмашылығынан. Екінші, қоғамына қатысты дегеніміз – адамды отбасындағы таным-тәрбие, мектеп, ЖОО берген білім-білік, қоршаған ортадан көрген үлгі-өнеге, өсіріп-өндірген ел-жұрты, тәлім-тағылымы қалыптастырады.Айтпақшы, осы адамдардың арасындағы ақын-жазушы деген қауымның тағы бір ерекшелігі бар: ол – таланттылық, яғни қалам. Ол – қалам да адамға туа бітеді, дәлірек айтқанда, оған қаламды Құдайдың өзі сыйлаған. Алайда, өмірде сол ақын-жазушылардың бірі – осал, бірі – орташа, ал біреуі – озық, мықты. Неге бұлай? Мұның себебі, жаратқанның сол талантты да адамша емес, тек өзінше – Құдайша бөлуіне байланысты болса керек. Енді сол бөлінген талант от-шоқты иесі мен қоғам қалай жандырып, жалындатты, міне, мұнда да үлкен мән-мәселе жатыр.
Алдарыңыздағы әңгімемізді осылай өрбіте келіп, тікелей тақырыбымызға көшсек, алдымен «Нұрмахан Елтай – қандай қаламгер?» деген сауал туады. Бұл – тіпті ауыл, аудан аймағынан асар, туған еліміз, оның ішінде Қызылорда халқы көкейіндегі де сұрақ десек қателеспеспіз. Бірден күлтектетпей, адамның көңіліне қарап, мақтай жөнелетін жаман әдетімізге баспай, ашығын айтсақ, Нұрмахан Елтай – мал байлық-базары бар қаламгер, мүмкіндігі Нар қаламгер. Қазіргі қазақ сатирасы сайыпқыран сарбаздарының бірі. Адам, азамат ретінде де iрі. Бүгінгі еліміздегі барша Алаштың белгілі жазушысы.
Бұл әділдіктен тайып, асыра айту емес пе?!
Жоқ. Өйткені, мұны мен айтып тұрмын. Ал, қалың әдеби қауым сыншы Бақыт Сарбалаевтың қашаннан-ақ жолдан таймайтынын ақиқаттан аттамайтынын біледі. Бұған дәлел ретінде кезінде Қазақстанның Халық жазушысы атанғандардың да кішкентай ақын екенін айғақтап, әйгілі Ғафу Қайырбеков, Қадыр Мырзаәлілерден де ірі кемшіліктер орын алғанын көрсетуім, жұртқа өте танымал болса да Шөмішбай Сариев, Жүрсін Ермандардың да менің тізіміме іліне қоймауын алға тартуыма болады. Екінші және ең басты дәлел – Нұрмахан Елтайдың төл шығармашылығы, «Қатырамыз», «Сыпыра сыйлық», «Үшінші тайм» тәрізді сатиралық-сықақ кітаптары.
Екі туыс
Бір бөтелкені алып ортаға
егемендігімізді жуып отыр.
Әңгімені былайша қуып отыр.
– Әмериканың фермерлері
Шеттерінен бай болады екен;
ірілі-уақты техникасы сай болады екен.
Жанармайы да көп секілді,
өндірмейтін нәрсесі де жоқ секілді.
Өздері болады екен ұқыпты,
Дүниежүзінде осылай
бірінші орынға шығыпты.
– Ойпырмай, ә!
– Жапондықтар
Радиотехникадан мықты,
теледидарлары да жеп-жеңіл,
Қабырғаға іліп көреді екен тіпті.
Ойпырмай, ә!...
Түріктер де еп-септі.
Жиып алып жүн-жұрқа, тері-терсекті.
кереметтерді істейді.
Кілемдерінің бағасы
Мировой рыноктардан түспейді
– Ойпырмай, ә!
Ары қарай әлгі екі туыс немістерге, итальяндықтарға, бразилиялықтарға таңданады. «Үндінің киносы-ай», «Грузиннің виносы-ай!» Тағы да 5 рет «Ойпырмай, ә!» дейді. Оқырман-сыншы ретінде біздің де айтарымыз – осындай: «Ойпырмай, ә!».
– Ал біздің қандастар ше.
– Е, жартысы өзге тілде сөйлейді.
Таңданумен шетелге
Тауыса алмай жүр ғой гөй-гөйді...
– Ойпырмай, ә!
Нағыз өкініш, езу тартып күлер гөй-гөй, ызалы мысқылға ұласар «Ойпырмай, ә!» осы. Ой-ой!
Нұрмахан Елтай бұл сықақты жазып, ащы өмір шындығын ашқалы, «ат тарта алмайтын мінімізді» бетімізге басқалы арада ең кемі 20 жылдан астам уақыт өтіпті. 1990 жылдардың басы мен ортасындағы ахуал бұл. Бүгінде не өзгерді? Алға аршындап американдарша бастық па? Жапондықтардың өкшесін бастық па? Түріктерді тақымдадық па? Өнерді сүю жөніне итальяндықтарға жақындадық па? Демесек те бөстік. Әрине, көп өстік. Табысымыз да баршылық. Десек те сөз көп те, іргелі іс, із аз. Ендеше 1990 жылдардың ортасында жазылған бұл сықақ әлі ескірмейді. Есімізді кіргізер, өткір салтында, өміршең қалпында қала береді.
Мұндай шындыққа бақсақ, шығарма жазылған жылына байланысты ғұмыр кешпейді, оның тағдырын әрқашан көркемдік өресі, қазақ әдебиетінде көтерілген төбесі шешеді. Шағын сатиралық туындыларды шыңға неге шырқап шықпайды деп шаршамай-ақ қоялық; ол өлең өрісіндегі өз орнын тапса, төл көктөбесін тұрғызып, сөнбес шырақ-отын жақса, одан артық не керек? Сүйініштісі – мұндай ақ жебесі бар, жеке Көктөбесі бар сықақтар Нұрмаханның 1998 жылы «Қазақстан» баспасынан жарық көрген екінші «Қатырамыз» жинағында баршылық. Кітаптың беташар өлеңінде-ақ «Ойпырмай, ә!» дегізген ол қалған туындыларында да жайбарақат қалдырмайды; «Сабыр, сабыр, көкесі», «Дұр-е-ес» дегізеді; немесе «Қақпағы қайда қазанның», «Қайдан шыққан жау?» дегендей салмақты сұрақтар, үтір, «Көп нүктелер» қойғызып, «Шатасқан есеп» – бойларға, отбасы берекесін бұзған «Тамаша ойларға» қатты опық жегізеді.
Нұрмахан Елтай – тек сатирик ақын ғана емес, ол – қаламы қарымды журналист. Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің көп жылдардан бері Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы меншікті тілшісі. Маңызды мақалалары, қаламмен сурет салғандай эссе-сырлары, қысқа да нұсқа, өмірден ойып алғандай түйдек сөздері көп. Қара сөзбен де сын-сықақтарды көсілтіп жаза алатыны өз алдына, көп жастарға жағалы аға екенін айтпағанда, талай-талай үлкендердің де ізетті інісі. Асылы, абзал азамат. Бұрын танымайтындардың өзі бір тілдескенде, әйтпесе етене сыйласып-сырласқан, араласқандардың ашылып сала берер тынысы. Тағдыр табыстырып, өмірдің сеңін бұзып, кенін бірге қазғанда – табаны таймас сенімді дос, ал жазғанда (амалсыз қайталауға тура келеді) әр сөзінен сәуле себілер қаламгер. Нақ осындай жазушы болғандықтан да Нұрмаханның сөзі – өзі деп білсек, ол «Үшінші тайм» («Айтұмар» баспасы, 2011 жыл) атты шоң кітабында да шырайлы, шуақты көрінеді. Автор бірінші бөліміне жаңа сықақ өлеңдерін топтастыра отырып, екінші «Қақпа алдында» атты бөліміне өзі өмірден көрген, халық аузынан терген алуан сырларын да, әсіресе ел ішіндегі өмірден өткен атақты ағалар мен қазір де ортамызда жүрген жайсаң замандастар – «Ауыл айтқыштарының» тауып айтқан сөздерін, тапқырлық мінездерін жинақтап, алға тартыпты біз тізбелеген адамдық-азаматтық қырларын да жомарт ұсыныпты. Бұл бөлім қалғандарынан екі есе қалың. Ең бастысы – көп жерінде-ақ жанып тұр шоқ, жалын. Бұл тұста Нұрмахан зерек жинаушылық, халық ортасындағы ұлылар мен жүрегі жылыларға зерделі жанашырлық көрсетіп қана қоймай, ел іші – асыл сөз кенішінен небір жауһарларды алға тартқан, асыл қазынамызға айналдырған. Өмірдің – «футбол ойынының» қақпа алдындағы ақ тер, көк тер арпалыс-қарбаласынан небір тарихи сәттер, мерген суреттер ұсынған.
Жалпы, Нұрмахан Елтайдың қайсыбір шығармасымен де осылай танысып, көп нәрсені біліп, көп нәрсеге күліп, әттеген-ай деп өкініп, айызың қана опынып, табыса беруге болады. Ең негізгісі – оның кітаптарын оқу керек. Тек кітаптан көздің ұшымен оқымай, сахнада оқылғанда құлақтың қалқанымен ғана тыңдамай, көңілге тоқу керек.
Жоғарыда біз сөзді адамның, оның ішінде бүгінгі әріптесіміз Н.Елтайдың да табиғатқа тартып туғанынан бекер бастаған жоқпыз. Нұрмахан Елтай да – туған жеріне, туған халқына тартып жаралған жазушы. Соның ішінде де ол туған күніне көбірек тартқан десек тіпті мергендік танытар едік. Иә, қыркүйектің 28-і - құтты күн. Бұл – ұлы Мұхтар Әуезовтің туған күні. Қазіргі заманның Қызыл Жебесі Шерхан Мұртаза мен Алтайдың асқақ жыршысы Оралхан Бөкейдің туған күні. Содан соң біздің Сыр бойының саңлақ сатиригі Нұрмахан Елтайдың жарық дүние табалдырығын аттаған күні. Өмірді түзер өлең сөзі самсап, қамал бұзар қара сөзі қоғамымыздағы қалың жауға: надандық пен тексіздікке, жамандық пен бетсіздікке сүйек кесер көбе, жұлып түсер жебе болып қаптаған күні. Бұл – Нұрмахан Елтайдың бірінші ерекшелігі.
Екінші ерекшелігі – Нұрмахан Елтай халықтық тілмен қарапайым жазғанмен, әрбір туындысының әлеуметтік қатпары қалың, астары терең, айтары ажарлы, әдеби байлығы базарлы нағыз Бейімбет Майлин бітімдес сатирик.
Нұрмахан Елтайдың үшінші басты ерекшелігін айтарда, неге екенін қайдам, менің есіме Германияның 18-ғасырда жасаған тұңғыш рейхс – канцлері, атақты Отто фон Бисмарктың мына бір сөздері еріксіз түсе берді: «Төңкерісті данышпандар жоспарлайды, жанкештілер іске асырады, нәтижесін пайдаланатын – жексұрындар». Біздің тәуелсіздігіміз де – социалистік жүйені капиталистік жүйемен алмастырған төңкеріс тақылеттес, яғни революция. Әрине, бейбіт төңкеріс. Оны жоспарлаған – дау жоқ, Нұрсұлтан Әбішұлы және оның нөкерлері. Ал жүзеге асырғандар – жанкешті Сана сардарлары, яғни қазақ әдебиетінің, өнерінің қайраткерлері. Нұрмахан Елтай да – тәуелсіздігімізді орнатқан, ұлттық қанатты қатайтқан осы жанкештілер қатарында. Ол елі үшін, жері үшін кеше де қаламымен күрескен қазір де Отанынан аянар ештеңесі жоқ.
Сөзімді түйіндерде ұлы Максим Горькийдің 1912 жылы әріптес қаламгер И.Д.Сургучевқа жазған хатында: «Рустағы ең жауапты және қиын қызмет – патшаның қызметі емес, әдебиетшінің қызметі» екенін айтып ол егер «өзін шын мәнінде әдебиетшімін деп сезінсе, тек қана әдебиетші қалпында қалуын» талап еткені ойыма оралып отыр. Нұрмаханға Құдай берген қаламды адам-тәңірлер де ала алмайды.
Демек біз енді әріптес қаламгер, халыққа дос, халыққа қызметші әкімге көңілі қош Нұрмахан Елтайға, барыңа қанағаттанып қалмай, алдағы уақытта басты кітабыңды жаз, өмірде де, өнерде де бұдан да биік белестерге көтеріле бер демекпіз.