Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бурабай курортына электр пойыз қатынайтын болды

Бурабай курортына электр пойыз қатынайтын болды

Бурабай курортына электр пойыз қатынайтын болдыЕнді елордадан «Астана-1 - Бурабай курорты» бағытында №6811/6812 қосымша қала маңы электр пойызы қатынайды, деп жазады Egemen.kz. Электр пойызы әр сәрсенбі жолға шығады. Астанадан сағат 11:00-де шығып, 13:35-те Бурабай станциясына жетеді. Кері бағытта пойыз 14:15-те жолға шығып, 17:00-де Астанаға оралады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, пойыз құрамында 4 вагон бар. Жолаушылар үшін 1, 2 және 3-сыныптағы қызмет көрсету түрлері қолжетімді. Вагондарда кондиционерлер, ауа тазарту жүйесі, биоәжетханалар, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы орындар, ыңғайлы орындықтар, велосипед қоятын орындар бар. Сондай-ақ Vputi.kz медиапорталына қолжетімді тегін Wi-Fi желісі орнатылған. Қала маңы бағытындағы жолаушылар пойызына билеттерді жөнелтуге 10 күн қалғанда сатып алуға болады.
30 шілде 2025 ж. 252 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930