Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай безендірілген пойыз жолға шықты

Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай безендірілген пойыз жолға шықты

Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай безендірілген пойыз жолға шықтыЕлордадағы Нұрлы жол вокзалынан қазақтың алғашқы академик-геологы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай безендірілген жолаушылар пойызы жолға аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қаныш Сәтбаевтың қызметі Жезқазған қаласымен тығыз байланысты болғандықтан №65/66 «Астана-Жезқазған» бағытындағы пойыз арнайы рәсімделді. Рәсімделген пойыз күздің басына дейін күнара қатынайтын болады», делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазақтың көрнекті қайраткерлеріне арналған тақырыптық жобаны Ұлттық тасымалдаушы «Қазақмыс» компаниясымен бірлесіп алғаш рет іске асырып отыр. Пойыздың сыртқы жағында Қаныш Сәтбаевтың өмір сүрген жылдары мен оның мерейтойлық портреті бейнеленген. Жоба ұлы қазақ ғалымының есімін қастерлеуге бағытталған. Қаныш Сәтбаев ірі мыс, көмір және басқа да пайдалы қазбалар кен орындарын ашып, еліміздің экономикалық дамуына едәуір үлес қосып, тарихта өшпес із қалдырған ұлы тұлға. 
22 шілде 2024 ж. 355 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031