Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлы дала жорығы-2024: Бүгін бәйге жеңімпаздары марапатталады

Ұлы дала жорығы-2024: Бүгін бәйге жеңімпаздары марапатталады

Көрнекті геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Ұлы Дала жорығы-2024» бүгін аяқталып, жеңімпаздары марапатталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марафон-бәйге майталмандарын салтанатты түрде марапаттау рәсіміне Астана тұрғындары мен қонақтары сағат 19:00-де Көкшетаудан қалаға кіре берістегі экопосттың жанында орналасқан «Құлагер» монументінде куә бола алады.

Бас жүлде - 15 000 000 теңге, 2 орын - 10 000 000 теңге, 3 орын - 5 000 000 теңге. Сонымен қатар алғашқы үш жеңімпаз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады деп жоспарланған (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.).

«Ұлы Дала Жорығы» – жылқының ең мықты әрі төзімді тұқымы анықталатын далалық лабораториясы.

Көпкүндік эпикалық марафон-бәйгенің ұйымдастырушылары: Ұлттық спорт қауымдастығы мен «JORYQ» федерациясы, қолдау көрсетушілер: «Аманат» партиясы, Павлодар облыстық әкімдігі, Туризм және спорт министрлігі, ақпараттық серіктестер: «Қазақстан», «Хабар», «Астана» телеарналары. Павлодар, Ақмола облыстарын қамтыған осы жылғы марафонда жол қашықтығы 500 шақырымды құрады.
23 мамыр 2024 ж. 565 0

Қоғам

Лайкқа    лайық өмір іздеп...
21 қыркүйек 2026 ж. 99

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930