Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 2026 жылы ел тұрғындары қанша күн демалады?

2026 жылы ел тұрғындары қанша күн демалады?

2026 жылы Қазақстандағы мереке күндері бірнеше демалыс күндеріне сәйкес келіп тұр, сондықтан демалыс пен жұмыс күндерінің реті өзгереді. Яғни, ел тұрғындары бес күндік жұмыс аптасы бойынша 119 күн демалса, аптасына алты күн жұмыс істейтіндерде бұл көрсеткіш 67 күнге тең, деп хабарлайды Egemen.kz.
2026 жылы ресми жаңа жыл демалыстары 1-2 қаңтарға, ал  Рождество 7 қаңтарға сәйкес келеді. Жаңа жыл аптаның соңына түсетіндіктен, 30-31 желтоқсан жұмыс күні, 1-4 қаңтар аралығында демалыс. Бес күндік жұмыс істейтіндер қаңтар айында 12 күн демалып, 19 күн жұмыс істейді. Ал, алты күндік жұмыс аптасы барлар 7 күн демалып, 24 күн жұмыс істейді.
Ақпан айында мереке жоқ.
  • Бес күндік жұмыс аптасы: 8 демалыс, 20 жұмыс күні.
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 4 демалыс, 24 жұмыс күні.
8 наурыз жексенбіге сәйкес келгендіктен, 9 наурыз күні қосымша демалыс беріледі. Ал Наурыз мерекесінде азаматтар қатарынан бес күн демалады: 21, 22, 23, 24, 25 наурыз.
Сәуір айында мереке жоқ.
  • Бес күндік жұмыс аптасы: 8 демалыс, 22 жұмыс күні. 
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 4 демалыс, 26 жұмыс күні.
Мамыр айында үш мереке бар: 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні (бейсенбі), 9 мамыр – Жеңіс күні сенбіге түседі. Сол себепті қосымша бір күн демалыс беріледі: 8 мамырда (жұмада) немесе 11 мамырда. 27 мамыр – Құрбан айт.
  • Бес күндік жұмыс аптасы: 14 демалыс, 17 жұмыс күні.
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 9 демалыс, 22 жұмыс күні.
Маусым  айында бес күн жұмыс істейтіндер 8 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді. Ал, алты күндік жұмыс аптасы барлар 4 күн демалып, 26 күн жұмыс істейді.

Шілденің басында ел Астана күнін атап өтеді. 2026 жылы 6 шілде дүйсенбіге сәйкес келеді.
  • Бес күндік жұмыс аптасы: 9 демалыс, 22 жұмыс күні.
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 5 демалыс, 26 жұмыс күні.
30 тамыз – Конституция күні жексенбіге түседі, сондықтан 31 тамыз, дүйсенбі күні демалыс беріледі.
  • Бес күндік жұмыс аптасы: 11 демалыс, 20 жұмыс күні.
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 6 демалыс, 25 жұмыс күні.
Қыркүйек айынша қосымша демалыс күндері жоқ.
  • Бес күндік жұмыс аптасы: 8 демалыс, 22 жұмыс күні.
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 4 демалыс, 26 жұмыс күні.
Қазанда Республика күні аталып өтеді. 2026 жылы 25 қазан жексенбіге түсіп тұр, сондықтан 26 қазан, дүйсенбі күні қосымша демалыс беріледі.
  • Бес күндік жұмыс аптасы: 10 демалыс, 21 жұмыс күні.
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 5 демалыс, 26 жұмыс күні.
Қарашада ел тұрғындары тек тек дәстүрлі сенбі және жексенбі күндері ғана демалады.
  • Бес күндік жұмыс аптасы: 9 демалыс, 21 жұмыс күні.
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 5 демалыс, 25 жұмыс күні.
Желтоқсанда Тәуелсіздік күні аталып өтеді. Бұл күн сәрсенбіге түсіп тұр.
  • Бес күндік жұмыс аптасы: 9 демалыс, 22 жұмыс күні.
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 5 демалыс, 26 жұмыс күні.
13 қараша 2025 ж. 29 0