ТӨРТ АУЫЛДА АУЫЗСУ ЖАҢАРТЫЛАДЫ
Басты мақсат – аудан тұрғындарын мазалап жүрген сұрақтар мен шешімін таппаған мәселелерді анықтап, келер жылдың жоспарына енгізу. Қабылдауға алғаш болып тартоғайлық зейнеткер Алтынбай Әлсейітов кірді.
– Ауданымызға өткен жылғы сапарларыңда ауылдағы балабақша мен мәдениет үйіне жаңа ғимарат салу қажеттігін айтқан болатынбыз. Өтінішімізді ескерусіз қалдырмадыңдар. Бүгінгі таңда балабақша құрылысы аяқталуға жақын, ал, мәдениет үйінің іргетасы қаланғалы жатыр. Бұл үшін ризамыз. Ендігі мәселе – ауылдағы ауызсу тапшылығы болып отыр. Сонау 1982 жылдары жүргізілген ауызсу құбырлары қазір ескірген. Соны жаңартылғанын қалаймыз, – деді ардагер.
Басқарма басшысы бұл ұсыныстың дұрыстығын, бұған дейін бұл мәселе облыс көлемінде көтерілгенін айта келіп, Тартоғай ауылымен қатар, 1-Май, Бірлестік, М.Шоқай елді мекендерінің де ауыз су мәселесі келер жылы шешімін табатынын жеткізді.
Одан бөлек Нартай ауылдық ардагер кеңесінің төрағасы Алдаберген Рақышов ауыл маңындағы көпір құбырының дұрыс салынбағанынан көлдің суы жайылып, нәтижесінде біршама жерлерді ыза басып жатқандығын айтып қынжылды. Әсіресе, мұның кесірі ауыл шетіндегі қорымға тиіп жатқан көрінеді. «Мәйітті қамыс өсіп кеткен ылғал жерге көмуге мәжбүрміз. Мұның бір шешімін табуға болатын шығар» деп, басқарма басшысына сұрау салды. Мамандар «бұрынғы ескі көпір жарамсыз болып қалған соң жанынан жаңасын салған. Ал, оның астынан жүргізілген құбыр су деңгейінен биіктеу орналастырылған. Сондықтан, көпірді бұзып, қайта салу қажет» дегенді айтты. Ақсақалдың ұсынысы ескерусіз қалмайтындығын жеткізген С.Күлімбетова бұл мәселені облыстық мәслихатқа ұсынатындығын жеткізді.
Мұнан басқа аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлері бірқатар мәселелерін алға тартып, басқарма басшысынан мардымды жауаптарын алды.
Г.СӘБИТҚЫЗЫ