Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Торғайдың таңдаулы сәукелесі

Торғайдың таңдаулы сәукелесі

Торғайдың таңдаулы сәукелесіАрқалықтағы «Дала өлкесі тарихы» мұражайында Торғай үлгісінде жасалған сәукеле сақтаулы тұр. Кезінде осы өңірдің тұрмыстық мәдениетін көп зерттеген Өзбекәлі Жәнібектің тапсыруымен белгілі шебер Қырым Алтынбековтің қолынан шыққан бұл жәдігерлік жергілікті жердің этнографиялық ерекшелігі негізінде жасалған.
Бүгінде музейдің баға жетпес мұрасы саналатын сәукеле музейге 90-жылдары келіп түскен.
«Әйел адамға арналған баскиім­­дер­дің ішіндегі ең әшекейлісі де,  күрделісі ­де – осы сәукеле. Торғай үлгісінде жасал­ған бұл сәукеледегі әрбір өрнектің өзін­дік мәні бар. Мысалы, төменгі жағын­дағы қатар-қатар орна­ласқан өрнек­­­­­тер адам баласының жаңа ғана тәй-тәй бас­­қан қадамын көрсетеді. Одан жоға­ры сәукеленің орта тұсында әшекейге толы, әсерлі көрінетін ою-өрнектер жастық шақ, жарқын кезеңді – адам өмірінің ең мәнді сәттерін бейнелейді. Сәукеленің жоғарғы жағында әшекей-моншақтардың сиреуі – өмірдің базары тарқаған шақты меңзейді. Маң­дай тұстан бастап аспанға қарай шаншыла созылған мұнара сынды әшекей адам жанының көкке көтеріліп бара жатқанын бейнелейтін нышан. Ал сәу­келеге тағылған желек қалыңдықтың төркіннен жаңа жұртқа барып, жаңа­дан өмір пердесін ашатынын нұсқайды. Бір ға­жабы, қарапайым ғана  қалың­дық сәукелесіне адам өмірінің бүкіл философиясы сыйып кет­кен», дейді музей маманы Батырлан Сағынтаев.
Батырланның айтуынша, Торғай өңірінде кезінде әйелдердің басына тағатын сұлама немесе сәукеле жаулық деп аталған баскиім үлгісі де болған. Оның негізін бірнеше қабат қағаздан жасаған қатты қаңқа құраған. Түрі жоға­рыдан қиылған конус сияқты. Биіктігі – 40-50 см. Қаптама матасының артқы шеті емін-еркін арқаға түсіп кетеді. Мұндай жаулықтар көбі­не маржан, мон­шақ, күміс­­пен әше­кей­ленген.
 
Қостанай облысы 
14 қараша 2025 ж. 32 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9353)

11 қараша 2025 ж.

№85 (9352)

10 қараша 2025 ж.

№84 (9351)

04 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930