Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік

Еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік

Әлеуметтік әріптестік қызметінің негізі еңбек заңдылықтары, ұйымдағы жұмыс беруші мен кәсіподақ арасында жасалған ұжымдық шарт аясында жүзеге асады.
Әлеуметтік әріптестіктің тараптары мемлекет атынан тиісті атқарушы органдар, жұ­мыс­керлер мен жұмыс берушілер атынан белгіленген тәртіппен уәкілеттік берілген олардың өкілдері болып табылады
Ағымдағы жылдың қаңтар айында Шие­­лі ауданының әкімдігі, аудандық ауыл­­­ша­руашылығы кәсіподақтар кеңесі және Қызылорда облысының кәсіпкерлер палата­сы­ның Шиелі ауданындағы филиалы арасындағы әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған үшжақты аудандық келісім жасалды.
Келісім – еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтарды мүлтіксіз сақтау, лайықты еңбек ету үшін жағдайларды қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс берушілер мен қызметкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі, өзара сыйластығы мен олардың мүдделерін ық­тимал ымыраға келтіруге барынша қол жеткізуге бағытталған.
Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік ең­бек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның отырыстарында еңбек қатынастарын реттеу, жұмыс орындарының қысқаруының алдын алу, жұмыспен қамту шараларын қарастыру туралы талқылау, мекемелер мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тарапынан жұмыскерлер алдында жалақы қарыздарын болдырмау, «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі Парыз - 2017» конкурсына кандидаттар ұсыну мәселелері қаралып келеді.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында облыста өткізілген «Еңбек әулеттері» форумына Шиелі ауданынан ұсынылған 4 отбасының ішінен Ақмая ауылының тұрғыны отбасылық омарта ұстау кәсібімен айналысушы Тұрғанбай Тоқтыбаев бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бүгінгі таңда аудан көлемінде 13110 жұмыс­шы-қызметкері бар 224 мекемеде ұжымдық шарттар қайта жасалды, сондай-ақ, барлығы 72 ірі, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерімен жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдік­терін сақтау және өндірістің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде аудан әкімдігі, жұмыс беруші және кәсіподақ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморан­думдарға қол қойылды.
Меморандумға қол қойған тараптар әрқай­сысы өз өкілеттігі шегінде өзінің жауап­кер­шілігін мойындайды және еңбек қатынастары барысында даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, кез келген мәселені тараптың өтініші бойынша өзара кеңестер жүргiзе отырып шешеді.
Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі өңірдегі еңбек нарығының жай күйіне мониторинг жүргізіп, кәсіпорындар мен мекемелерде жалақы қарыздарының қалыптасуының алдын алу, жұмыстан негізсіз босатулар мен қысқартуларды болдырмау және қысқаруға ұшыраған адамдарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жасап келеді.
Осы мақсатта кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек қатынастары аясында келіс­пеу­шіліктер туындаған жағдайда тиісті сала өкілдерінің қатысуымен еңбек заңдылықтарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу қалыпты жолға қойылған.
Экономиканың барлық салаларын қа­рыш­тап дамыған әлемдік стандарттарға сәй­кес­тендіру тиісінше еңбек қатынастары саласын да күрделендіре түсетіні белгілі.
Осы орайда әлеуметтік әріптестік жұмыс­шылардың еңбек және әлеуметтік құқық­та­ры­ның қорғалуына, еңбек дауларының өзара келісім аясында бейбіт шешуге, қоғамдық келісім мен өзара ынтымақтастықты дамытуға, халық игілігі үшін өндірістің қалыпты жұмыс жасауына мемлекеттің мүдделі болуымен мемлекет және жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдері бірлесе отырып ұжымдық негізде жұмыс жасайтын маңызды жүйе болып табылады.

Мейрамбек Абжапбаров,
жұмыспен қамту секторының
бас маманы.
09 желтоқсан 2017 ж. 3 954 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930