Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 2018 жылы елімізде зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тәсілі өзгереді

2018 жылы елімізде зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тәсілі өзгереді


2018 жылы елімізде зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тәсілі өзгереді. Жаңа жылдан бастап зейнетақы 8 пайызға, ал жәрдемақы 6 пайызға өседі деп хабарлайды Астана арнасы. Бір атап өтерлігі, әйелдердің зейнетке шығу жасы жарты жылға ұзарады. Ал базалық зейнетақыны есептеуде адамның еңбек өтілі басшылыққа алынады. Ол 1998 жылдан бері есептеледі.
Егер еңбек өтілі 10 жылдан аз болса, оған ең төменгі күнкөріс көлемінің 54 пайызы ретінде зейнетақы тағайындалады. Яғни 15 мың теңге шамасында. Егер 10 жылдан артық болса, базалық зейнетақыға әр жылына ең төменгі күнкөріс көлемінің екі пайызы қосылады.Ал арнайы әлеуметік көмекті ай сайынғы табысы "адам басына шаққанда" 15 мың теңгеден аз отбасылар ғана алады.

"Бұрынғы арнайы әлеуметтік көмек: 18 жасқа дейінгі балалараға жәрдемақы, арнайы мемлекттік жәрдемақы, төрт баладан артық отбасыларға берілетін төлем - осы үш түрлі жәрдемақы бір форматқа біріктіріледі. Егер отбасының ай сайынғы табысы ең төменгі күнкөріс көлемінің 50 пайызынан асса, онда бұл жәрдемақылар төленбейді. Ол жергілікті басқармадан төленеді. Республикалық бюджетен емес", - дейді Астана қалалық әлеуметтік төлем төлеу орталығы департаменті директоры Арман Мақанов.
12 желтоқсан 2017 ж. 2 486 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930