Жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек
2017 жылдың 7 қараша күні Бестам ауылдық округі Бестам ауылында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматын халыққа түсіндірме жасау жайлы кездесу болып өтті. Жиынға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің әлеуметтік төлемдер секторының меңгерушісі Н.Бектегенова, «Өрлеу» бағдарламасы бойынша ассистент Ш.Мауенова, А.Қалибаева, ауыл әкімі Ғ.Ыханов, ауыл тұрғындары қатысты.
Жиын барысында сөз алған Н.Бектегенова жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмектің қалай, кімге қандай шартпен тағайындалып, төленетіндігі туралы түсіндірме жасады.
Ең бастысы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек қоданыстағы қазіргі таңда төленіп жүрген 3 әлеуметтік төлемді алмастыратынығын, яғни 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, 4 және одан көп балалы отбасыларға берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақылар біріктіріліп төленетін болады. Өтініш иесі қазіргідей үш пакет құжат дайындаудың орнына бір ғана пакет құжат дайындап жұмыспен қамту ортылығына немесе ауыл әкіміне жүгінеді. Жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек екі түрде төленеді: шартты атаулы әлеуметтік көмек және шартсыз атаулы әлеуметтік көмек.
Шартты атаулы әлеуметтік көмек отбасы құрамында еңбекке жарамды азаматы жоқ немесе дәлелді себептермен еңбекке қабілетсіз отбасыларға, отбасының жан басына шаққандағы табысы белгіленген кедейшілік шегінен аспаған жағдайда 3 айға тағайындалып, ай сайын төленеді.
Ал шартты ақшалай көмек отбасы құрамында кемінде бір азамат жұмыссыз болған жайдайда оған жұмыстар ұсынылып, егер жұмысқа орналасуға келісім берген жағдайда онымен келісім шарт жасалып, отбасының жан басына шаққандағы табысы кедейшілік шегінен аспаған жағдайда ол отбасына 6 айға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, ай сайын немесе өтініш негізінде 3 ай үшін бір рет төленетіндігі жайлы түсіндіріп өтті.
«Өскен өңір» ақпарат.