Келесі жылы елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі қанша болады?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, 2018 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 28 мың 284 теңге болады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ең төменгі күнкөріс деңгейі бекітілгенде азаматтардың шығындарының үлесі ескеріледі. Әр өңірде бұл көрсеткіш әртүрлі болуы мүмкін.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вице-министр келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейін өсіру құрылымы өзгеретінін атап өтті.
Қазіргі таңда ең төменгі күнкөріс деңгейіне есептелген кәрзеңкенің 60 пайызын азық-түлік, 40 пайызын азық-түлікке жатпайтын тауарлар құрайды. Енді ол 55-те 45 арақатынасына өзгертілмек.
"Ресми статистиканың мәліметінше, тұтыну құрылымы өзгерген. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызметтер шығындарының үлесі 45 % жетіп отыр. Сондықтан ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымын өзгертуге шешім қабылдадық", — деді Жақыпова.
Оның айтуынша, қазақстандық кәрзеңке едәуір дұрыс тамақтануды және ағзаға қажетті дәрумендер мен энергетикалық ресурстарды жеткізуді қамтамасыз ететін азық-түліктің 43 түрінен тұрады.
"Мұны ең төменгі деңгей деп алып отырмыз. Түсініп отырсыздар ма? Егер адамның шамасы келсе, көбірек жұмсауына болады. Ең төменгі деңгейді ең төменгі стандарт деп түсіну керек. Мемлекетке масылдар көбейіп, таза тұтыну қызығушылығы туындамау үшін базалық төлемдер, мемлекеттік көмек әрқашан осы ең төменгі деңгейде болуы тиіс", — деп атап өтті Жақыпова.
Тағы оқыңыздар:
Қызымды бермеймін: Қарағандыда қызының қолын сұраған жігітті "қайын атасы" пышақтап өлтірді
Тәуекел Мүсілім ең жақын досымен жаға жыртысып, ұятқа қалды (видео)
Алматыдағы Рысқұлов даңғылында жүргізушілер кептелісте сағаттап тұрып қалды
АҚШ-тағы атыстан аман қалған 101 жастағы қазақ әжей Қазақстанға оралғысы келеді