Қуаныш сыйлаған Жолдау
№127 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейде кезекті өндірістік ұстаздар жиыны барысында «Қазақстандықтардың әл-әуқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасының Жолдауы талқыланды. Білім ордасының басшысы Г.Әбдіқадырова Жолдауда айтылған негізі де нақты міндеттерге сондай-ақ, реформалармен үкіметке қойған талаптарын, Қазақстан халқына жүктелген тапсырмаларын ұжымға түсінікті етіп жеткізді.
Жолдау егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат. Мемлекет басшысының кезекті Жолдауына байланысты мектеп-лицей ұстаздары өз ойларымен бөлісіп, төмендегі тақырыптар бойынша баяндамалар жасады. Химия пәнінің мұғалімі Г.Нұрмағамбетова «Елбасының білім саласына қатысты тың идеялары, мұғалімдердің мәртебесін жоғарылату туралы ұсыныстары баршамызды қуантты» десе, тарих пәнінің мұғалімі Э.Әміре «Жастар мен отбасы институтын қолдау мемлекеттік саясаттың басымдылығына айналуы тиіс деген сөзі әрбір қазақстандық жастардың жігерін жандандырып, талпынысымен арман-мақсатын айқындап берді. Сонымен қатар, Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауы кейінгі толқынға көрсетілген сенімнің белгісіндей болды» – деді. Жиын соңын білікті ұстаздар Жолдауда көрсетілген жастарға қолдау, біздерге, тәуелсіз елдің азаматтарына көп ізденіс пен қажырлы еңбекті талап етеді деп қорытындылады.
Г.ӘБДІХАНИҚЫЗЫ.