Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СЕРПІЛІС БЕРГЕН ТРЕНИНГ

СЕРПІЛІС БЕРГЕН ТРЕНИНГ


№48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінде Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауына қатысты мәлімдемесін және 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын талқылау және ілгерілету мақсатында мұғалімдер арасында тренинг өтті.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Алшынбаева, тарих пәнінің мұғалімі, мектеп тренері Р.Баканованың ұйымдастырумен өткен тренингте жаңа Жолдауды қолдау үшін Елбасы ұсынған 10 міндетті мектебіміздегі әдістемелік кеңесіміздің 9 бірлестік мүшелеріне тақырыпшалар бойынша бөліп қарастырылды. Олар өздеріне берілген Мемлекет басшысының міндеттері жазылған тапсырма – мәтіндерімен таныса отырып, ортақ ойға келіп, өз таныс­тырылымдарын ортаға салды. Топ мүшелері өзара міндеттерге, жаңалықтарға пікірлерін білдірді.
Атап айтар болсақ, мектеп директорының бағдарлы оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Қазыбаева: «Елбасымыздың жыл сайынғы жариялаған Жолдаулары Қазақстанның болашағын айқындай түсуде. Барлық аталған міндеттер өз уақытында жос­парлы түрде орындалып келе жатқанына көзіміз жетіп отыр. Ерекше назар аударғаным – «Адами капитал – рухани жаңғырудың негізі» деп аталатын міндет. Өйткені, ұлт үшін жасап жатқан қадамдар – ұстаз абыройын көтеру мақсатындағы міндеттер, бәрі де біздің болашағымыз үшін. Біз, ұстаздар, Елбасының Жолдауына бірлікпен қолдау көрсетеміз!» – деп өз ойын жеткізді. Тренинг соңында мектеп-лицей директоры Г.Бектегенова: «Иә, алғашында жаһандық өзгерістер мен сын-қатерге дайын болуды ескеріп, Елбасымыз «Қазақстан-2030» стратегиясын, «100 нақты қадам – Ұлт жоспары», былтырғы жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы және «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы – бәрі де қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан үшін. Жолдаудың мүмкіндіктері өте көп. Мен осындай елде тұрып жатқанымды мақтан етемін. Елбасының сындарлы саясаты дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатын да орындайды деп сеніммен айта аламын, әріптестеріммен бірге талқыланған Жолдау баршамызға ерекше серпіліс берді» – деп ойын қорытындылады.
Динара АЛШЫНБАЕВА,
№48 Ә.Қоңыратбаев
атындағы мектеп-лицейі.
23 қаңтар 2018 ж. 1 655 0