Серпіліс берген тренинг
Үстіміздегі жылдың 18 қаңтарында №48 Ә. Қоңыратбаев атындағы мектеп- лицейінде Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауын талқылау және ілгерілету мақсатында мұғалімдер арасысында тренинг болып өтті.
Осы жолдардың авторы, тарих пәнінің мұғалімі, мектеп тренері Р.Баканованың ұйымдастырумен өткен тренинте жаңа Жолдауды талқылау үшін Елбасы ұсынған 10 міндетті мектебіміздегі әдістемелік кеңесіміздің 9 бірлестік мүшелеріне тақырыпшалар бойынша бөліп қарастырылды. Олар өздеріне берілген Мемлекет басшысының міндеттері жазылған тапсырма – мәтіндерімен таныса отырып, ортақ ойға келіп, өз таныстырылымдарын ортаға салды. Әрбір қорғалған таныстырылым айқын, ұтымды түсіндірілді. Топ мүшелері өзара талқыға түскен міндеттерге, жаңалықтарға пікірлерін білдірді. Атап айтар болсақ,мектеп директорының бағдарлы оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Қазыбаева: «Елбасымыздың жыл сайынғы жариялаған жолдаулары Қазақстанның болашағын айқындай түсуде. Ерекше назар аударғаным – «Адами капитал- рухани жаңғырудың негізі» деп аталатын міндет. Өйткені ұлт үшін жасап жатқан қадамдар- ұстаз абыройын көтеру мақсатындағы міндеттер- бәрі де біздің болашағымыз үшін. Біз, ұстаздар, Елбасының жолдауына бірлікпен қолдау көрсетеміз!» деп, өз ойын жеткізді. Тренинг соңында мектеп-лицей директоры Г.Бектегенова: «Иә, Алғашында жаһандық өзгерістер мен сын – қатерге дайын болуды ескеріп, Елбасымыз «Қазақстан-2030» стратегиясын, «100 нақты қадам – Ұлт жоспары», былтырғы жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы және «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламалары қарқынды дамып келе жатқан еліміз үшін мол мүмкіндіктердің бастауы. Мен осындай елде тұрып жатқанымды мақтан етемін. Елбасының сындарлы саясаты дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатын да орындайды деп сеніммен айта аламын;әріптестерімен бірге талқыланған жолдау баршамызға ерекше серпіліс берді» - деп өз ойын қорытындылады.
Д. Алшынбаева
№48 Ә. Қоңыратбаев атындағы мектеп- лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары