Науқанның шешуші сәті
Сыр диқандары тағы бір жауапты маусымды аяқтауға жақын. Ерте көктемнен дала қосын дүбірге бөлеп, уақытпен санаспай жемісті еңбек етті. Осындай үлкен жауапкершілік арқасында бүгінде күміс дән қамбаға молынан құйылып жатыр. Бұл – елдегі ағайынның еселі еңбегінің мәуелі жемісі.Биыл өңірде 193 мың 700 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде дәнді дақылдар 91,2 мың, майлы дақылдар 9,6 мың, малазықтық дақылдар 75,9 мың, картоп, көкөніс, бақша 17 мың гектарды құрады.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес күрішті оңтайландыруға мән берілді. Нәтижесінде ол бұрынғы жылдармен салыстырғанда 10 мың 900 гектарға азайтылды. Оның орнына суды аз қажет ететін жүгері егісінің көлемі ұлғайтылды. Атап өтерлігі, биыл диқандар аяқсудан тапшылық көре қойған жоқ. Жыл басында егінге 3,2 млрд текше метр су лимиті қаралды. Жылдан-жылға суды аз қажет ететін дақылдар алқабы ұлғая түсті. Сол арқылы майлы дақылдар 3 есеге артса, малазықтық дақылдар 75 мың 900 гектарға жетті. Жауапты кезеңде минералдық тыңайтқыш пен гербицид өз мөлшерінде қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығы техникалары жөндеуден өткізіліп, күзгі егін жинау өз уақытында жүргізілуде. Ерте егілген дәнді дақылдар толық жиналды. Күріш, малазықтық, майлы дақылдар, картоп, көкөніс-бақша өнімдерін жинау жақын күндері мәресіне жетеді, – деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Дәулетбек Абдирасулов.
Оның айтуынша, қазірге дейін күріштің 64,8 мың гектары орылып, оның 60 пайызы бастырылған. Нәтижесінде 294 мың 250 тонна өнім жиналды. Орташа өнім гектарына – 50,7 центнер. Сондай-ақ 11,5 мың тонна дәнді, 7,4 мың тонна майлы, 129 мың тонна көкөніс, 185 мың тонна бақша, 14,1 мың тонна картоп өнімі алынған.
– Елдегі еңбекшілер күріш сорттарына ерекше мән беруде. Олардың қатарында шетелдік және жергілікті сорттар бар. Кейінгі жылдары Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бұл үшін тың ізденіс жасады. Қазір шаруашылықтар тарапынан «Сыр сұлуы», «Ай-Керім», «Айсара», «Ару» сорттары тәжірибеден өткізілді. Ендігі кезекте бұл сорттар кең ауқымда өндіріске енгізіледі деген жоспарымыз бар, – деді басқарма басшысының орынбасары.Алдағы жылдың егісіне 17,5 мың тонна күріш тұқымын дайындау межеленген. Қазір қолда бары – 12,7 мың тонна. Тұқым құю, тазалау жұмыстары жалғасуда. Күріш жинау науқанын қазан айының екінші онкүндігінен кешіктірмей аяқтау межеленген. Айта кетсек, облыста сыйымдылығы 539 мың тоннаны құрайтын 200 сақтау қоймасы бар. Бүгінде онда алдын ала дератизация жұмыстары жасалып, астық қабылдауға толықтай дайындалған.
Мемлекет басшысы еліміз бойынша жыл сайын жаңадан 150 мың гектарға дейін су үнемдеу технологиясын енгізу жөнінде тапсырма берді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығына инвестиция тарту міндеті тұр. Осы мақсатта су үнемдеу технологиясын мемлекеттік қолдауға биыл 10 млрд теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде су үнемдеу технологиясын пайдалану көлемі былтырмен салыстырғанда 2 есе артты. Қазір мұндай алқаптар 14 мың 200 гектарды құрайды.
Облыста егін шаруашылығын әртараптандыру және су үнемдеу үшін нақты жоспар жасалған. Сол арқылы өңірде құны 122 млрд теңгені құрайтын ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда. Оның ішінде Жалағаш ауданында швейцариялық «Харвест Груп» компаниясы жүгері, соя, техникалық қарасора егу ісін қолға алды. Бұл 21 мың гектар суармалы алқапта агрокластер құруға жол ашады. Оған қоса Шиелі ауданында «Центр семеноводства» серіктестігі 10 мың гектарға жүгеріні жаңбырлатып суару әдісімен егуді қолға алса, «Таң ЛТД» серіктестігі бұл дақылды 3 мың гектарға тамшылатып суару арқылы егуде. Ал «Қызылорда крахмал-сірне зауыты» ЖШС жүгері өңдеу зауыты жобасын жүзеге асырады. Нәтижесінде жылына 150 мың тонна дән жүгеріні терең өңдеуге мүмкіндік туады. Жобаның бірінші кезеңінде жақын арада 20 мың тонна астық сақтау қоймасы мен астық кептіргіш іске қосылады. Алдағы уақытта өндіріс орнының сұранысына орай жүгері егісінің көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.
– Биыл облыста аграрлық секторды мемлекеттік қолдауға 35,9 млрд теңге бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артық. Оның ішінде субсидиялау бағдарламаларына 25,7 млрд теңге қаралды. Облыста сегіз ай ішінде аграрлық секторда 89,9 млрд теңгенің өнімі өндірілді. «Кең дала-2» жобасы ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін үлкен қолдау болды деп айта аламыз. Бағдарлама шеңберінде 91 шаруашылыққа 9,9 млрд теңгеге жеңілдетілген несие берілді, – деді Дәулетбек Жәнібекұлы.
Әділжан ҮМБЕТ,
«Сыр бойы»