Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қызылордалық диқандар өнімдерін Ресейге жіберуде

Қызылордалық диқандар өнімдерін Ресейге жіберуде

BAQ.KZ. Қызылордада 184 739 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары егілді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетов мәлімдеді.

Дәнді дақылдар өткен жылы 97,5 мың га, мал азықтық дақылдар 60,2 мың га, картоп, көкөнiс, бақша 17,4 мың гектарға егілсе, ал биыл дәнді дақыл 1 736 гектарға, мал азықтық дақылдар 2 094 гектарға, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 79 гектарға артты. Бұған қоса, облыста алғаш рет егістікті әртараптандыру бағытында перспективалы дақылдар қант құмайы 80 гектарға, соя 170 гектарға, жүгері дақылы 1 507 гектарға дейін жеткізілді. Сондай-ақ, ылғал сақтағыш аквагельдерді пайдалану арқылы 80 гектар аграрлы жерге күздік бидай дақылы егілді, – деді Сейілбек Серғазыұлы.

Қазіргі таңда облыста 5 түрлі ауылшаруашылығы өнімі эскпортталуда. Бұл өнімдер әлемнің 12 мемлекетіне экспортталып келеді. Сонымен қатар, Ресей еліне де қарбыз, қауын, көкөніс өнімдері жіберілуде.
24 шілде 2020 ж. 98 0

Соңғы жаңалықтар

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (8813)

08 тамыз 2020 ж.

№59 (8812)

04 тамыз 2020 ж.

№58 (8811)

31 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам