Түркістандық шаруалар 496 тонна өнімін елордаға жөнелтті
Астанада қыркүйектің 22-23 күндері Түркістан облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Бұл шара сондай-ақ Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр. Осыған орай өңір бағбандарының қолынан шыққан құны 201 миллион теңгені құрайтын 496 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылмақ. Бүгін жүк тиелген керуен бас қалаға қарай жолға шықты. Қала халқы үшін жәрмеңкеде 80 тонна ет өнімі, 141 тонна көкөніс, 28 тонна сүт және 90 тонна бақша өнімі мен 53 тонна жеміс-жидек, 26 тонна картоп ұсынылады. Осыменен 4-рет өтетін жәрмеңкеде тауарлар базар нарқынан 10-15% төмен бағада саудаланады, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Бадырақов. Нұрбек Бадырақов, Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а: - Биылғы жылы егіс көлемі 9 мың гектарға артып, жалпы 807 мың гектар жерге ауылшаруашылық дақылдары орналастырылды. Бүгінгі таңда дәнді және бұршақты дақылдардан 521 мың тонна өнім жиналды. Мынау көкөніс, картоп, бақша дақылдары 114 мың гектарға егіліп, 2,7 миллион тонна өнім жиналып жалпы рекордтық көрсеткішке қол жеткізіліп отыр.
на www.24.kz